Жасыл желек көгалда…

Бүгінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тұрғын үй-тұрмыстық кешені аумағында газон шөптерін отырғызу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жатақхана маңындағы қайнаған тірлікке сүйсіне қарап тұрғанда ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзіне, Ескендір Хасанғалиевтің әніне жазылған, қазақ халқының жүрегінен орын алған «Атамекен» әнінің мына бір өлең жолдары еске түседі екен. «Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем. Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем»… Көздің жауын алатын жайқалған газонды жастарымыз қуана-қуана басып, әңгіме-дүкен құрып, демалатын тамаша бір орынға айналдырар.

Continue Reading

Ел газеті «Егемен Қазақстанның» университеттегі сапарынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қазір жер-жерде кеңінен талқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы мақсатта бүгін Қарағанды қаласына, оның ішінде іргелі білім ордасы Қарағанды университетіне Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлімен кездесу өтті. Аталмыш іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер және аймағымыздағы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Continue Reading

«Жақсылық жаса»

Қайырымдылық күніне орай facebook @amal2020kz платформасында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» жобасымен онлайн форматта «Жақсылық жаса» жастар пікірсайысы өткен болатын.

Continue Reading

Назначен новый декан филологического факультета

Нового декана представили профессорско-преподавательскому составу филологического факультета. Им стал выпускник факультета, кандидат филологических наук Туйте Елдос Ергазиевич, занимавший должности руководителя аппарата ректора, проректора по воспитательной работе и социальным вопросам. Д. ф. н., профессор Абдуов Мухаммадгали Илясович, ранее занимавший должность декана, продолжит работу директором института по изучению духовного наследия казахского народа.

Continue Reading

Качество и новая система

На базе Карагандинского университета имени академика Е. А. Букетова состоялся обучающий онлайн-тренинг на тему: «Повышение потенциала экспертов в рамках новых требований к качеству учебной литературы дошкольной организации».

Continue Reading

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті Ұлы Абай Құнанбайұлы шығармаларының үзінділерін шет тілдеріне (ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері) аударудың Халықаралық on-line конкурсын өткізетінін жариялайды.

Continue Reading

Карагандинский университет им. академика Е. А. Букетова гордится своими выпускниками

В канун Дня языков народа Казахстана аким области Женис Касымбек вручил премии победителям конкурса «Тіл жанашыры». Конкурс проводится с 2012 года с целью поощрения лиц, внесших вклад в расширение сферы применения государственного языка, пропагандирующих языковую политику. В этом году церемония вручения премии впервые была снята в телевизионной версии. Член Союза писателей Казахстана, поэт, лауреат Международной премии «Алаш», выпускник филологического факультета Карагандинского университета им. академика Е. А. Букетова Серик Аксункарулы стал обладателем номинации «Тіл майталманы».

Continue Reading

Күзгі элегия

«Құстар әнін» қалықтатып, үзілген жапырақты көйлегіне қыстырып, сап-сары шашын жайып жіберіп Күз ару да келіп қалыпты. Жазда қалып қойған өші бардай әлдебір үмітін осы сары шаштың ұшына ілдірген талай ақынға бұл шабыт сыйлағаны сөзсіз.

Continue Reading

Сауатты жазу – тіл мәдениетінің бір көрінісі

Қыркүйектің 8-і Халықаралық сауаттандыру күні. Айтулы күнді ЮНЕСКО 1965 жылдың 8 қыркүйегінде Тегеран қаласында өткен Білім министрлерінің Бүкіләлемдік сауатсыздықты жою жөніндегі конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

Continue Reading

Мөлдірліктен туады екен асқақ үн!

Бір білерім:
Жүрегіңдей таза болсын аспаның,
Бір білерім:
Мөлдірліктен туады екен асқақ үн!
Зұлымдықтан тазартам деп жер шарын,
Жүрегімнен бастадым, — деп мөлдірлігінен туған асқақ үнімен қаншама жүректерді жаулап, қазақ поэзиясына өз арнасын, өз жолын салған жас қаламгер Ерік Сейсенұлы Нарын бүгінде талай жыр бәйгелерін қанжығасына байлаған. Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі дәстүрлі түрде өтетін «Бұқарекең жырлайды» жыршылар мен ақындар сайысынан бас жүлдені жеңіп алды. «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты жыр бәйгесінен арнайы жүлденің иегері атанды. Жас ақынмен өлеңі мен өмірі жайлы сыр шертісіп, сіздермен бөлісуді жөн көрдік.

Continue Reading

Қарағандыда «Тіл жанашырлары» марапатталды

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының иегерлері анықталды. Айтулы байқау 2012 жылдан бері тіл саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан тұлғаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Соңғы үш жыл көлемінде тіл тақырыбын қозғап, мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері, үш тілді жетік меңгерген жастар арасынан үздік деп танылған 8 үміткер жекелеген аталымдар бойынша марапатталды. Биыл сыйлықты табыс ету салтанаты алғаш рет телевизиялық нұсқада түсірілді.

Continue Reading

Тіл – ұлт рухының алтын қазығы

«Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі – тілі, бірі – ділі жүректегі», – деп ғұлама бабамыз Жүсіп Баласағұн айтқандай, ана тілі мен ана сүті ажырамас егіз ұғым. Анасын қадірлемеген адам өз ұлтын, туған тілін шынайы сүйіп, құрметтей алмайды.

Continue Reading

Спорт саңлағы өз білім ордасында

Аты ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде танылған саңлақ спортшы, бүгінде ел мүддесіне қызмет етіп жүрген түлегіміз Серік Жұманғалиұлы Сәпиев спорт саласында жүрген бір топ кіл мықтылармен бірге қасиетті жұма күні Қарағанды университетіне арнайы ат басын бұрды. Серік Жұмағалиұлы киелі қарашаңырақтағы кездесуді университет мұражайын аралаудан бастады. Білім ордасының тарихымен кеңінен танысып, Құрмет кітабына жылы лебіз білдіріп, өз қолтаңбасын қалдырды.

Continue Reading

Ұлы тұлғаның мәңгілік мекені

Халқымыздың біртуар ұлы, ғұлама ғалым, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің зиратына барып, құран бағыштап, зиярат жасап қайттық. Қарағанды қаласының Михайловка елді мекеніндегі зиратқа барғанда көңіл шіркіннің біртүрлі қобалжығаны рас. Шарбақпен қоршалған қорымның ішінен академиктің мәңгілік мекен тапқан орнын іздеп жүріп, еліміздің өркендеуіне қызмет жасаған травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген дәрігері Хафиз Мақажанов, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасының іргетасының берік нығаюына еңбек сіңірген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Нәрешов сынды тұлғаларымыздың ескерткіштерін көріп тағзым жасадық.

Continue Reading

Таңғы аста береке бар

Қазіргі таңда көп адамдар тынымсыз күйкі тіршілікпен алыса жүріп дұрыс тамақтануды ұмытып кетеді, оған қоса көптеген қыз-келіншектер дұрыс емес диеталардың рецептеріне жүгініп, денсаулықтарына тиетін кері әсерлерді де байқамай қалады. Әрине, әр адамның дұрыс тамақтанбауының өзіндік себептері де бар. Бірінде уақыт тапшы болса, енді бірінің күнделікті дұрысты тамақтануға қалтасы көтере бермейді.

Continue Reading

Дағдарыстан жаңару мен дамуға ұмтылу

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған кезекті Жолдауын жария етті. Жолдаудың негізінен экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қамтығанын атап өтуіміз керек. Президент қазіргі қиын кезеңде дағдарысқа дағдарып қалмай, еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму бағыттарын ұсынып, негізгі бағдар етіп ұстанатын мақсат-міндеттерді айқындап берді.

Continue Reading

Білім сапасы – басты назарда

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тарихи жайт. Үндеу барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте бізді, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамын бей-жай қалдырмайды. Өйткені, бұл әлемдегі өзгерістердің көбі біздерге байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы өзінің нақтылығымен және мақсаттылығымен елдің алдағы жылдарға арналған даму бағытының негізгі векторларын айқындайды.

Continue Reading