Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет

Рухани жаңғыру жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі Елбасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша ең беделді алты тілді меңгеру.Ол тілдер: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілі.Алты тілді меңгеру арқылы ұлттық жаһандық бәсекедегі қабілетті көрсете аламыз. Жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек. Біздің қалыптасқан мәдениетімізбен қоса, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білу керек. Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы – халқымыздың еркіндігі үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы университеттің Ғылыми кітапханасы осы жоба аясында атақты жазушыларымыздың шетел тілдеріне аударылған кітаптарымен толықтырылды. Осы тұрғыда факультеттердің оқу кітапханаларына келіп түскен басылымдарға ашық және виртуалды көрмелер ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды.

Қазақстан мәдениетін,салт-дәстүрін, тарихыншетелге таныстыруы бойынша аударылған кітаптар:

Reading Abai, 2020 жыл. Абайдың қара сөздері және поэзиясы(ағылшын тілінде).

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздерінің тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Жазу тілі

Сулейменов О. Язык письма.
-Астана, 2018-466 б.(ағылшын тілінде).1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабі тарихқа дейінгі мәдениетке көзқарас, мұнда автор сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.

Көркем әдебиет

Нұршайықов Ә. Махабат,қызық мол жылдар: көркем әдебиет.-Караганда,2019.-227 б.,(испан тілінде).
Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы.
Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.

«Кезбенің үйі»

Бельгер Г. Дом скитальца.-Караганда,2019 ж. (испан тілінде).
Жазушы Герольд Бельгердің «Кезбенің үйі» романында немістердің барлық жағынан жолы кесіліп, еркін жүруге құқығы болмайтын, сол жылымықтың арқасында алғашқылардың бірі болып жоғары білім алу бақытын иеленгені баяндалады. Роман немістердің еркіндік алуына рұқсат етілген осы кезеңмен аяқталады.

Момышұлы Б. Ұшқан ұя. -Караганда,2019 ж.(ағылшын тілінде).

«Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезіммен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді.

Ауэзов М. “Көксерек”, 2019 ж. (қытай тілінде).

«Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма.Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған.

Исабеков Д. “Қарғын”. -Астана,2018 ж.(француз тілінде).

«Қарғын» романы алғаш рет 1980 «Жалын» баспасынан жарық көрді. Бас кейіпкер Жасын мен Бағила арасындағы ерекше қарым-қатынас, биік парасат, ойлы адамға тән ешкімге ұқсамас сезім толқындары, қалың оқырманның зор қызығушылығын тудырып, әсіре жастар арасында қолдан түспейтін шығармаға айнала білді.

Соқпақбаев Б. “Менің атым Қожа”, 2019 ж.(араб тілінде).

Өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен балаол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады.

Кітапта қазақы ауылдағы аналық, әжелік мейірімді, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз.

Қойшығара С. “Қазақтар”,2018 ж.(араб тілінде).

Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат-мұраты бар.Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін оның мәдениетін тану керек.

Ғылыми кітапхана