Туберкулез инфекциясынан сақ бол!

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез — туберкулез микробактериясынан туындайтын жұқпалы ауру. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ басқа органдарда да өршуі мүмкін.

Туберкулез қалай беріледі?

Көбінесе өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар инфекция көзі болып табылады. Жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде туберкулезбен ауыратын науқас құрамында ауру қоздырғышы бар қақырық тамшысын таратады. Тубрекулездің микробактериясы бар ауамен тыныстағанда да жұғуы мүмкін. Тіпті туберкулез бактериялары бар ауамен бір рет тыныстау аурудың дамуына әкелуі мүмкін. Көп жағдайда туберкулезбен ауырған адаммен ұзақ уақыт және тығыз байланыста болғаннан жұғады. Ауру жұқтырудың ең үлкен қаупі науқастың отбасы мүшелері, достары.

Туберкулезді қалай байқауға болады?

Туберкулездің негізгі белгілері:

  • 2 апта бойы және одан көп уақыт жөтел.
  • Салмақ жоғалту.
  • Дене қызуының көтерілуі.
  • Түнде тершеңдік.
  • Жалпы әлсіздік.
  • Кеуде қуысындағы ауырсыну.
  • Тәбеттің жоғалуы.
  • Қан құсу.

Егер сіз өзіңізден осы белгілерді тапсаңыз, дереу учаскелік дәрігеріңізге хабарласыңыз, ол сізге қажетті тексеруді тағайындайды.

Туберкулездің дамуына не ықпал етеді?

  • Жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбау.
  • Нашар тұрмыстық жағдай.
  • Уайымшылдық.
  • Темекі шегу.
  • АҚТҚ/ЖҚТБ.
  • Маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания
  • Созылмалы аурулар (өкпе, қант диабеті, асқазан жарасы ауруы және басқа аурулар).

Туберкулез емделеді!

Туберкулезді қалай емдеуге болады?

Туберкулезден емделу үшін мыналар қажет:

  • Дәрігердің бақылауымен барлық емдеу курсынан толық өту. туберкулезді емдеу алты және одан да көп айға созылуы тиіс.
  • Дәрігер тағайындаған барлық туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау және емделуде үзіліске жол бермеу.
  • Дәрігердің барлық нұсқамаларын уақытында орындау, себебі емдеудің жетістігі осыған байланысты.
  • Емдеудегі үзілістер дәрі-дәрмекке тұрақты туберкулез түрінің дамуына әкеледі, оны емдеу өте қиын, кейде мүмкін емес.

Туберкулездің қалай алдын алуға болады?

  • Көңіл-күйіңізге назар аударыңыз. Жөтеліп жүрген адам туберкулезбен ауыруы мүмкін, сондықтан сіздің туысыңыз немесе танысыңыз ұзақ уақыт бойы жөтелгенін көрсеңіз, дәрігерге қаралуын талап етіңіз.
  • Шаңды, желдетілмейтін үй-жайлар туберкулез бактерияларының таралуына қолайлы.
  • Аурудың алдын алу үшін бөлмені жиі желдетіңіз.

Туберкулез жеңіл сырқат емес, сондықтан оны емдеуден гөрі алдын алу оңай.

Балалар арасындағы туберкулездің алдын алу үшін дер кезінде вакцинация алған дұрыс. Барлық дені сау балаларға перзентханада, сондай-ақ 7 жастағы балаларға туберкулезден (БЦЖ) екпе жасалады. БЦЖ вакцинасы иммунитетті қалыптастырады, ағзаның туберкулезге қарсы тұруын арттырады. Қазір көптеген ата-аналар екпеден бас тартады, бірақ бұл ауруға қарсы оны міндетті түрде алу керек, өйткені салғырттықтың салдары зардаптарға, мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!!!

АУЫРМАҢЫЗДАР!!!

Қ. С. БАЛМАХАНОВА,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы