Қарағанды облыстық сотының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 05 наурызында сағат 10:00-да Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Алашқа темірқазық — хакім Абай» атты жас ақындардың қалалық жыр мүшәйрасы Қарағанда облыстық соты ғимаратының мәжіліс залында өткізіледі.
Мүшәйраның мақсаты:
Абай Құнанбайұлы шығармашылығы мен Ұлы дала ділмарлары, би-шешендердің қазақ қоғамындағы рухани мұрасын насихаттау. Ғасырлар бойы дала заңын қалыптастырған би-шешендердің тұлғалық қасиетін дәріптеу. Дала заңы мен Тәуелсіз Қазақстан сот жүйесіндегі дәстүр сабақтастығын көркем поэзия тілімен өрнектеу.
Мүшәйраның ережесі мен шарттары:
- мүшәйраға 18-30 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
- мүшәйраға қатысушылар көрсетілген тақырып аясында үш өлең жолдай алады.
- Абай және рухани жаңғыру.
- Би-шешендердің қазақ қоғамындағы тұлғалық қасиетін дәріптеу.
- Отан сүйгіштік — ұлттық болмыстың үлгісі.
- әр поэзиялық шығарманың көлемі 100 жолдан аспауы керек;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберілуі қажет;
- бұрын мерзімді басылымдарда жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қазылар алқасының іріктеуінен өткен үміткерлер қорытынды шараға қатысады.
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
- ұсынылған шығармалар мазмұнының тақырыбқа сәйкестігіне;
- шығарманың идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік деңгейіне;
- ақынның тілдік, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және бағалайды.
Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйраға қатысу:
Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (жеке куәлігінің көшірмесімен қоса үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары) және шығармалары наурыз айының 2 жұлдызына дейін 721-5013@sud.kz, kamashke_64@inbox.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: +7 701 384 69 07, +7 701 382 15 34.