«Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары

«Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары

Хәкім Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай студенттер мен магистранттар арасында ұйымдастырылған «Абай әлемі» үздік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпаздары анықталды. Жүзден жүйрік шығып, топ жарған үздіктердің қатарында Қарағанды университетінің студенттерінің де болғаны мерейімізді үстем етті. Жеңімпаз атанған қос студентіміз де филология факультетінде оқиды. Үздік ғылыми жұмыс байқауына қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың «Еңбек сіңірген қызметкері», Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Жандос Қожахметұлы Смағұлов жетекшілік еткенін айтып өту керек. Екінші орын иеленген 2 курс студенті Нұрай Ғазизов арнайы диплом мен 200 000 теңгелік сыйақымен, ал үшінші орын жеңімпазы атанған 3 курс студенті Гүлсімай Сайрамбек 100 000 теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталды.

Абайды оқып, ұлы ақынның өнерін насихаттап, шығармашылықтарын шыңдап, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ден қойып жүрген жастарға жарайсыңдар дейміз. Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi. kz» порталында жарияланады.

Баспасөз қызметі