Қылқалам шеберінің туындылары

Қарағандыдағы Суретшілер үйінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы суретші Мадихан Қалмахановтың жеке көрмесі өтті. Көрмеге суретшінің түрлі көріністі бейнелеген туындылары қойылған.

Continue Reading

Ынтымақтастық аясында жоспарлы жұмыстар өз жалғасын табуда

Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан, Алматыдағы Француз Альянсының атқарушы директоры және Орталық Азиядағы Француз Альянстары желісінің үйлестірушісі Вивьен Фуке, «Француз Альянсы» ҚБ Қарағанды филиалының директоры Ектерина Фирсова бастаған француз делегациясы іссапармен университетімізге келді.

Continue Reading

Күй құдіреті

Қарағанды университетінің Студенттер сарайында рухани жан дүниені байытқан тамаша жиын өтті. Қазақтың күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан күйші Қыздарбек Төребайұлының 170 жылдығына арналған рухани жиында шертпе күйдің шебері Орал Исатайұлының орындауындағы күйлердің ноталары топтастырылып, танымал тұлға жайлы естеліктер жинақталған «Мұң қосбасар» жинағының тұсауы кесілді.

Continue Reading

Жарқ еткен жарық жұлдыз

Тарих факультетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы мен биология-география факультетінің география кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған дөңгелек үстел онлайн форматта өтті. Аталған шарада қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Ш. Уәлихановтың өмір жолы, зерттеулері, саяхаттары мен ғалымның ғылыми шығармашылық еңбектері туралы баяндамалар ортаға салынып талқыланды.

Continue Reading

Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұжымы зейнеткерлікке шыққан профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлерін, жұмыскерлерін, зейнетке шықса да оқу орнында ұстаздық қызметін жалғастырып жүрген ардагер ұстаздарын Қарттар күнімен құттықтап қайтты. Университет тарапынан 500-ге жуық қартқа қаржылай көмек көрсетілді.

Continue Reading

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті Ұлы Абай Құнанбайұлы шығармаларының үзінділерін шет тілдеріне (ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері) аударудың Халықаралық on-line конкурсын өткізетінін жариялайды.

Continue Reading

Семинардың берері мол

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы қазақ тілін дамыту және латын графикасына көшіру орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша жоғары оқу орны профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді. Курстың мақсаты – педагогтардың қазақ тілін латын графикасына көшіруде кәсіби теориялық білімін тарату бойынша кәсіби құзіреттілігін дамыту, латын графикасының жаңа әліпби жазуын меңгеру болды. Семинардың барысында педагогтар жаңа әліпбиді меңгерудің кәсіби жолдарын, дұрыс жазуды, сондай-ақ қазақ әліпбиінің фонетикалық және орфогарфиялық жүйесін оқып үйренді.

Continue Reading

«Жүрегімнің түбіне терең бойла»

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының ұйымдастыруымен А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өзге ұлт студенттері арасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты онлайн-байқау өткізілді.

Continue Reading

«Қазақ тілі білгірлері»

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011—2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы қазақ тілінің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін тіл саясатын жетілдіру; қазақ тілін қолданудың мәртебесін нығайту; қазақ тіліне деген сұранысты арттыру; шетелдік өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру мақсатында 2020 жылдың сәуір айының 25-29 аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес «Қазақ тілі білгірлері» атты халықаралық онлайн олимпиада өткізді. Қатысушылар А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша тапсырды.

Continue Reading

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған марафон

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 8 шақырымға жүгіруден марафон өтті. ҚарМУ-дың оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткен марафонға 50 марафоншы қатысты. 45 жастан асқан жүгірушілер санаты бойынша 1 орынды М. Т. Бөдеев, 2 орынды М. М. Алтынбеков, 3 орынды Қ. Қасымов иеленді. Ал 35-44 жас арасында алғашқы болып мәре сызығын С. Әнуар, одан кейін А. Сармантаев пен Т. Серіков кесіп өтті. 18-35 жас аралығындағы марафоншылар арасында мәреге бірінші болып С. Смағұлов, ал Қ. Төлеуов екінші болып мәреге жетті. Үшінші орынға Е. Қабдолла тұрақтады. Әйелдер арасында өткен марафонда М. Нұрашқызы 1 орынды, 2 орынды А. Угарова, 3 орынды Д. Баймағамбетова иеленді.

Continue Reading

Абайды оқып, жаттаған ару

Жақында адамзаттың алыбы – хәкім Абай Құнанбайұлының 200-ден астам өлеңін жаттап өскен ару қызымыз Балнұр Амантай Алатау баурайында өткен «Қазақ Аруы — 2020» байқауына қатысып қайтты. Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күнінде өлең сөзбен сусындап, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін санасына түйіп бойжеткен ҚарМУ-дың философия және психология факультетінің 4 курс студентін сұқбат алаңына шақырдық.

Continue Reading

«Абайдың асыл мұрасы»

Жақында педагогикалық факультетте дефектология мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.

Continue Reading

Рухы өшпес, ерлігі ұмытылмас

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыстың қос жұлдызы, қазақтың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу құрметіне және 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай оқ атудан Қарағанды жоғары оқу орындары арасында аймақтық әскери-спорттық жарыс өтті. Оның салтанатты ашылуына қонақ ретінде ҚарМУ ректоры аппаратының жетекшісі Елдос Ерғазыұлы Түйте, дене мәдениеті және спорт факультетінің ұжымы, Қарағанды медицина университетінің әскери кафедрасынан полковник Бауыржан Жиенбаев пен подполковник Талап Елемесов қатысты.

Continue Reading

ҚарМУ құрама командасы топ жарды

Қарағанды облысы әкімінің жүлделеріне арналған студенттер арасындағы XІV облыстық спартакиада ақпан айының 27 жұлдызынан 6 наурызға дейін жалғасты. Аймағымыздың 8 жоғары оқу орнының атынан сайысқа түскен сайыскерлер спорттың 13 түрінен бақ сынасты.

Continue Reading

«Just photo of grouop 2020» фотожобасы

Философия және психология факультетінде «Just photo of grouop 2020» фотожобасы өтті. Аталған іс-шара студенттерді қоғамдық, мәдени өмірге тарта отырып, отансүйгіштік рухын нығайтып, насихаттау, өнерге деген құштарлығын одан әрі арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар өз алдына жеке және бірлесе атқарған фотожобаларын ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Олар түрлі тақырыпты қамтыған бейнелерді ойлап тауып, фотосессия кезінде өз образдарын керемет сомдап, таңғажайып сурет түсіруге тырысты. Нәтижесінде , жастардың ой-қиялынан туындаған ерекше фотолар таңдалып алынды.

Continue Reading

Почетный гость и меценат

Накануне Дня университета в КарГУ им. академика Е.А.Букетова состоялась встреча с депутатом областного маслихата, обладателем национальной премии «Алтын жүрек» и золотой медали «Бірлік» Бекзатом Қомарұлы Алтынбековым. В ходе встречи с…

Continue Reading