Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұжымы зейнеткерлікке шыққан профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлерін, жұмыскерлерін, зейнетке шықса да оқу орнында ұстаздық қызметін жалғастырып жүрген ардагер ұстаздарын Қарттар күнімен құттықтап қайтты. Университет тарапынан 500-ге жуық қартқа қаржылай көмек көрсетілді.

Continue Reading

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті Ұлы Абай Құнанбайұлы шығармаларының үзінділерін шет тілдеріне (ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері) аударудың Халықаралық on-line конкурсын өткізетінін жариялайды.

Continue Reading

Семинардың берері мол

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы қазақ тілін дамыту және латын графикасына көшіру орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша жоғары оқу орны профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді. Курстың мақсаты – педагогтардың қазақ тілін латын графикасына көшіруде кәсіби теориялық білімін тарату бойынша кәсіби құзіреттілігін дамыту, латын графикасының жаңа әліпби жазуын меңгеру болды. Семинардың барысында педагогтар жаңа әліпбиді меңгерудің кәсіби жолдарын, дұрыс жазуды, сондай-ақ қазақ әліпбиінің фонетикалық және орфогарфиялық жүйесін оқып үйренді.

Continue Reading

«Жүрегімнің түбіне терең бойла»

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының ұйымдастыруымен А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өзге ұлт студенттері арасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты онлайн-байқау өткізілді.

Continue Reading

«Қазақ тілі білгірлері»

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011—2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы қазақ тілінің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін тіл саясатын жетілдіру; қазақ тілін қолданудың мәртебесін нығайту; қазақ тіліне деген сұранысты арттыру; шетелдік өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру мақсатында 2020 жылдың сәуір айының 25-29 аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес «Қазақ тілі білгірлері» атты халықаралық онлайн олимпиада өткізді. Қатысушылар А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша тапсырды.

Continue Reading

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған марафон

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 8 шақырымға жүгіруден марафон өтті. ҚарМУ-дың оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткен марафонға 50 марафоншы қатысты. 45 жастан асқан жүгірушілер санаты бойынша 1 орынды М. Т. Бөдеев, 2 орынды М. М. Алтынбеков, 3 орынды Қ. Қасымов иеленді. Ал 35-44 жас арасында алғашқы болып мәре сызығын С. Әнуар, одан кейін А. Сармантаев пен Т. Серіков кесіп өтті. 18-35 жас аралығындағы марафоншылар арасында мәреге бірінші болып С. Смағұлов, ал Қ. Төлеуов екінші болып мәреге жетті. Үшінші орынға Е. Қабдолла тұрақтады. Әйелдер арасында өткен марафонда М. Нұрашқызы 1 орынды, 2 орынды А. Угарова, 3 орынды Д. Баймағамбетова иеленді.

Continue Reading

Абайды оқып, жаттаған ару

Жақында адамзаттың алыбы – хәкім Абай Құнанбайұлының 200-ден астам өлеңін жаттап өскен ару қызымыз Балнұр Амантай Алатау баурайында өткен «Қазақ Аруы — 2020» байқауына қатысып қайтты. Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күнінде өлең сөзбен сусындап, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін санасына түйіп бойжеткен ҚарМУ-дың философия және психология факультетінің 4 курс студентін сұқбат алаңына шақырдық.

Continue Reading

«Абайдың асыл мұрасы»

Жақында педагогикалық факультетте дефектология мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.

Continue Reading

Рухы өшпес, ерлігі ұмытылмас

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыстың қос жұлдызы, қазақтың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу құрметіне және 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай оқ атудан Қарағанды жоғары оқу орындары арасында аймақтық әскери-спорттық жарыс өтті. Оның салтанатты ашылуына қонақ ретінде ҚарМУ ректоры аппаратының жетекшісі Елдос Ерғазыұлы Түйте, дене мәдениеті және спорт факультетінің ұжымы, Қарағанды медицина университетінің әскери кафедрасынан полковник Бауыржан Жиенбаев пен подполковник Талап Елемесов қатысты.

Continue Reading

ҚарМУ құрама командасы топ жарды

Қарағанды облысы әкімінің жүлделеріне арналған студенттер арасындағы XІV облыстық спартакиада ақпан айының 27 жұлдызынан 6 наурызға дейін жалғасты. Аймағымыздың 8 жоғары оқу орнының атынан сайысқа түскен сайыскерлер спорттың 13 түрінен бақ сынасты.

Continue Reading

«Just photo of grouop 2020» фотожобасы

Философия және психология факультетінде «Just photo of grouop 2020» фотожобасы өтті. Аталған іс-шара студенттерді қоғамдық, мәдени өмірге тарта отырып, отансүйгіштік рухын нығайтып, насихаттау, өнерге деген құштарлығын одан әрі арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар өз алдына жеке және бірлесе атқарған фотожобаларын ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Олар түрлі тақырыпты қамтыған бейнелерді ойлап тауып, фотосессия кезінде өз образдарын керемет сомдап, таңғажайып сурет түсіруге тырысты. Нәтижесінде , жастардың ой-қиялынан туындаған ерекше фотолар таңдалып алынды.

Continue Reading

Почетный гость и меценат

Накануне Дня университета в КарГУ им. академика Е.А.Букетова состоялась встреча с депутатом областного маслихата, обладателем национальной премии «Алтын жүрек» и золотой медали «Бірлік» Бекзатом Қомарұлы Алтынбековым. В ходе встречи с…

Continue Reading

VIII қысқы Қазақстан Универсиадасы

Спорттың қысқы президенттік көпсайыс түрі бойынша VIII қысқы Қазақстан Универсиадасына аттанған ҚарМУ-дың қыздар командасы жеңіс тұғырынан көрініп, екінші орынды иеленді.

Continue Reading

«Қазақ тілі: тыңдалым және сөйлесім әрекеттерін меңгертудегі әдістер»

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология факультетінің қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы 29 ақпанда «Қазақ тілі: тыңдалым және сөйлесім әрекеттерін меңгертудегі әдістер» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өткізеді. Семинарға Қарағанды қаласындағы колледж, мектеп, лицей, гимназия мұғалімдері шақырылады.

Continue Reading

«Әбу Насыр Әл-Фараби — даналық діңгегі»

21 ақпанда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері арасында «Әбу Насыр әл-Фараби — даналық діңгегі» атты шығармашылық байқау өткізіледі.

Continue Reading

Ақпараттық хат

Құрметті мектеп мұғалімдері мен оқушылар! Сіздерді үстіміздегі жылдың 29 ақпанында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін облыстық олимпиадаға шақырамыз. Олимпиадаға қазақ және орыс мектептерінен 10 сынып (мектепішілік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген олимпиаданың 1-2 орын жеңімпаздары) және төртінші пән ретінде қазақ әдебиеті пәнін таңдаған 11 сынып оқушылары шақырылады.

Continue Reading
  • 1
  • 2