Ала доп аламаны өтті дүбірлеп…

«Тойдың болғанынан боладысы қызық»... Чемпионат өтеді дегенді естігенде азаматтарымыз елеңдеп қалды. Қызу дайындық бірден басталып кетті. Ала доп пен алаңды аңсағандай. 12 факультеттен теңбіл допты ойнатып ойын алаңына шайқасқа 10 команда шықты. Сырттан -- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен өнер адамдарынан құралған тағы 2 команда қосылды.

Continue Reading

Какие предметы и вещества запрещено проносить в университет

Министр образования и науки РК своим приказом от 25 мая 2021 года утвердил перечень предметов и веществ, запрещенных к вносу, ограниченных для использования в организациях образования и на их территориях, передает zakon.kz.

Continue Reading

Әр қадам мақсатқа жетелейді

Адамзат баласына өлшеусіз мұра қалдырған танымал ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, археолог, шығыстанушы, географ, философ Еуропа мен Азияны, батыс пен шығысты жақындастыра зерттеген. Елорданың төрінде орналасқан маңдайалды жоғары оқу орнына ұлы тұлғаның есімінің берілуі -- Лев Николаевич Гумилевтің еңбегінің бағалануы.

Continue Reading

«Өрісі кең ғалым – ұлағатты ұстаз»

Қарағанды университетінде Қазақ ССР ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтің 110 жылдығына орай «Өрісі кең ғалым – ұлағатты ұстаз» атты дөңгелек үстел өтті.

Continue Reading

Алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаев

Бүгін 31 мамыр -- саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты халыққа жариялаған үндеуі негізінде заң факультетіндегі №317 дәрісханасына алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаевтың есімі берілді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор Қ.С. Мусин «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері» тақырыбында оқытушыларға баяндама оқып, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер Ж. Ақбаевтың өмірбаянына шолу жасады.

Continue Reading

«Жастар және мәдениет: театр мен музыка»

Әлеуметтік мәселелер Департаменті Студенттер сарайымен біріге отырып, университет басшылығының қолдауымен жастарға еліміздің сан түрлі мәдени-рухани құндылықтарын спектакльдер, музыкалық кештер, концерттер арқылы таныстыруға бағытталған "Жастар және мәдениет: Театр мен музыка" жобасын бастады.

Continue Reading

«Кел, қазақша сөйлесейік» клубына қосыл

Тіл - халықтың тірегі, жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, рух, салт-дәстүр, еңбек жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде еркін сөйлеп, дамытып, атадан балаға мирас ретінде қалдыруға міндетті. Тіл жойылса, халық жойылады. Халық жойылса, мемлекет жойылады. Сол себепті Елбасымыз: «Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» деп үндеу тастаған болатын. Әр облыста осы елбасымыз салып берген сара жол бойынша мемлекеттік тілді дамыту мақсатында клубтар ашыла бастады. Жақында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде де қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі Бақыт Айтбаеваның бастамасымен ZOOM платформасында «Кел, қазақша сөйлесейік!» клубы өз жұмысын бастады.

Continue Reading

Өнегелі өмірі көпке үлгі арда азамат Дімкеш Мұқанов атындағы ғылыми шәкіртақы тапсырылды

Салтанатты іс-шара жоғары оқу орнында екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мұқановтар отбасы атаулы шәкіртақыны алғаш рет 2017 жылы тағайындаған болатын. Жиын барысында алғашқы лауреаттардың 4 жыл ішіндегі жетістіктері туралы радиофизика және электроника кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Айнұр Түсіпбекова баяндады.

Continue Reading

«Бейбітшілік – ел тілегі»

Сәуірдің 28, 29 күндерінде «Танымдық керуен» жобасы аясында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихына арналған музейде 1 мамыр - халықтардостығы күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты танымдық экскурсиялар өткізілді. "Ынтымақ, бірлік жарасқан, Мәңгілік ел - Қазақстан!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Continue Reading

«Uni coffee»

Бүгін университетімізде заманауи үлгідегі кофехана өз жұмысын бастады. Жанға жайлы жерде отырып кофе ішкенде бой сергіп, көңіл-күй көтеріліп қалатыны рас. Бүгінде көпшіліктің таңғы асы зейінді жақсартатын бір шыны аяқ экспрессо…

Continue Reading

«Атадан қалған – домбыра»

Бүгін «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Студенттер үйі» мен заң факультетінің ұйымдастыруымен «Jastar» орталығында «Атадан қалған – домбыра» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке университет қызметкерлері, студенттер қатысты. Кеш шымылдығын университетіміздің қызметкерлерді…

Continue Reading

Құттықтаймыз!

Жастар хоккей клубының «Ястребы» командасының ойыншысы, ДШжС-23 тобының студенті Никита Белашов Қазақстан жастар хоккей лигасының 2020-2021 жылғы қола жүлдегері атанды. Құттықтаймыз, жарқын жеңістер тілейміз!

Continue Reading

«Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы

Сәуір айында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «7М01-Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы онлайн форматта өтті.

Continue Reading

Танымдық керуен

Сәуірдің 6, 20, 23-і күндері «Танымдық керуен» жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихына арналған музей қызметкерлері мен студенттер Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің музейіне және академик Е. А. Бөкетовтің зиратына барып, рухына тағзым етіп қайтты. Жастар тарихи жерлерден үлкен әсер алды.

Continue Reading

«Сарыарқа Барыстары»

Бүгін Қарағанды қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы «Сарыарқа Барысы» облыстық іріктеу турнирі өтті. ДШжС-21(3) тобының студенті Мағди Дүйсетай 74 келі салмақ дәрежесінде 2 орын, ал ДШжС-32 тобының студенті Ернат Болысхан…

Continue Reading

Кезекті жарыс – кезекті жеңіс!

«Маркетинг» мамандығының 2 курс магистранттары жыл сайынғы «ХХІ ғасыр қонақ үйі: Ресейдегі қонақ үй бизнесін дамытудың инновациялық тұжырымдамалары – 2021» тақырыбындағы VII Бүкілресейлік жобалар жарысына қатысты.

Continue Reading

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағарту штабы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетімен бірлесе отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Continue Reading

«Book & Chill» оқырмандар ұйымы

Сәуірдің 13 күні «Jas Otan» ЖҚ белсенділері «Book & Chill» оқырмандар ұйымын ашты. Ашылу салтанатына 30 шақты адам қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен және кітаптар мен фильмдердің жанрларымен бөлісті. Ашылу барысында қатысушылармен Н. Спаркстың «Спеши любить» кітабы талқыланды. Содан кейін кітаптың фильмі көрсетілімге ұсынылды.

Continue Reading