Почетный гость и меценат

Накануне Дня университета в КарГУ им. академика Е.А.Букетова состоялась встреча с депутатом областного маслихата, обладателем национальной премии «Алтын жүрек» и золотой медали «Бірлік» Бекзатом Қомарұлы Алтынбековым. В ходе встречи с…

Continue Reading

Білім меценаты білім ордамызда

Университет күні қарсаңында ҚарМУ жастары ҚР Білім меценаты, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері, Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыс мәслихатының депутаты Бекзат Қомарұлы Алтынбековпен кездесті.

Continue Reading

Танымал адамдармен танысыңыз

Шет тілдер факультетінде ҚарМУ студенттері жетістікке жетіп, өз кәсіптерін дөңгелетіп әкеткен табысты тұлғалармен кездесті. «Волонтер» жылы аясында ұйымдастырылған іс-шарада белгілі кәсіпкер, «Нәтиже» және «220 Volt» компанияларының құрылтайшысы Ерлан Әшім, әлеуметтік…

Continue Reading

Көңілде қимастық сезім…

Арманы бар жандар өмірдің небір қатпарларынан қапаланбай өтіп, сын сағаттарда сағы сынбай, кемел келешекке аяқ басар жолда нық қадамдар жасауға қабілетті. Жүрек түпкірін мекендейтін бұл асыл сезім жетегіне ергендердің қатарында біз де бармыз. Себебі, журналистика атты әлемге махаббатсыз келу мүмкін емес…

Continue Reading

Туған жерін түлеткен

Туған жердің түтінін түтетіп жүрген қарағандылық кәсіпкер, атағы ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде танылған «Abadan» клубының жетекшісі Нұрлан Қалтаев ҚарМУ студенттерімен жүздесті. Аузында Алласы, көкірегінде иманы бар арда азаматтың жүректен шыққан жылы сөздерін, атқарған игі істерін, болашаққа құрған жұмыс жоспарларын естіп, халқының қамын жеген рухани жан дүниесі бай жандардың жанымызда жүргеніне қуандық. Жастарымыз осындай ағаларына қарап бой түзесе, адаспай, ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, жаһандану заманында жұтылып кетпейді.

Continue Reading

Ерлан Ашим: «Мои ценности стали ценностями компании и всех людей, которые работают в «Нәтиже»»

В Карагандинском государственном университете им. академика Е. А. Букетова началась серия встреч студентов с предпринимателями области. Первым в 2020 году встретился со студентами экономического факультета карагандинский бизнесмен, учредитель компании «Нәтиже» Ашим Ерлан.

Continue Reading

Өлең деген өлмейтін асыл мұра

Жанбота Хашқынбайқызы Рамазан, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Жас ақын» аталымының жүлдегері. Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 1 курс студенті. Филология факультетінің журналистика мамандығында оқиды.

Continue Reading

«Менің нұрлы әлемім»

«Тамшы.kz» қоғамдық қоры тек Жансая қыздың емес, табандылық танытып, тағдыры тәлкекке түскендерге тамшыдай үлес қосуға асыққан қаншама жастың нұрлы әлеміне айналды. Олар санаулы ай ішінде тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесіп, науқас балалардың еміне қаражат жинауға мол септігін тигізіп үлгерді. Бір қуантарлығы, ізгілікті іс атқарып, алғыс алуға талпынған еріктілердің қатары күн санап артуда. Өткен жылдың қыркүйегінде қайырымдылық қорының алғашқы кеңсесі ашылды. Жақсылық жасап, жүрегі мұңға толған жандардың жанына сая болған Жансая Каменова бейбіт күннің батырындай. Қазақ қызының игі бастамасы бүгінде көпке үлгі-өнеге.

Continue Reading

Студенттік өмірімнің баспалдағы

Күннің шуағы бетіме түсіп, ұйқыдан оятқандай. Ұйқым қанбай қалды ма, білмеймін, әкемнің иығына басымды сүйеп, жантая жаттым. «Қызым, еш алаңдама, не керек, бәрін айт, сағынсаң сағындым де, іштен тынушы болма», — дейді әкем. Әкешімнің жұбаныш сөздерінен көзіме жас толғандай. Алайда сол бір қимас кезеңді автобустағы ағайдың дауысы бұзды. Әкем: «Қызым, бізді көкең күтіп қалған шығар», — деді. Бір қызығы, ол кісіні мен танымаймын.

Continue Reading

Ой жарыстырған жастар

Шаһарымызда еркін ойлы жастардың жиналып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салатын пікірсайыс клубтары бар. Солардың бірі де бірегейі — университетіміздің атынан талай турнирде додаға түсіп, топ жарған ҚарМУ Пікірсайыс клубы. Бірнеше жылдан бері Қазақстанның әр түрлі қалаларынан жеңіспен оралып жүрген клуб осы жылы да қатарына жас достарды жинап, жеңістерімен бізді қуантты.

Continue Reading

Үкілі үміт

Қазақы қоңыр дауыс. Әсем әуен, ойлы ән. Бидай өңді қазақ қызы сахна төріне көтеріліп, бұлбұл үнді Бибігүл апайымыздың «Бұлбұл» әнін құлақ құрышын қандыра орындағанда демімізді ішке жұтып, бір деммен тыңдап қалған едік. Неткен дауыс, қандай ғажап орындаушы! Осылай сахнадағы «Жас талаптың» жарқыраған жұлдызынан көз алмай, «Қарағанды мемлекеттік университетіне тағы да бір талантты жас келді» деп қуандық. Ал «ҚарМУ VOIСE» байқауында оның көмейінен төгілген «Қай заман?» әні көрермен мен қазылар алқасының жүрегін жаулап алды. Жастар жылында университетіміздің ерекше дауыс иесі атанған Үмітай бүгінгі сұқбат алаңының қонағы.

Continue Reading
  • 1
  • 2