Сәби болғым келеді!

Өмірімнің ең бақытты кезеңі — балалық шақ. Шыр етіп дүние есігін ашып, қайғысы мен қуанышы қатар жүретін бес күндік жалғанға, тәтті өмірге алғашқы қадамыңды жасайсың. Бейкүнә сәбисің, мына өмірден хабарсыз, жаңа туған пәк періштесің.

Continue Reading

Судьба человека

В канун 75-летней годовщины великой Победы особенно хочется рассказать о прекрасной женщине – ветеране Джумабаевой Ханшаим Максутовне. Наверное, мы последнее поколение, которое имеет возможность общаться с ними и впитывать, словно губка, их уникальный жизненный опыт.

Continue Reading

Ойыннан от шықты

Өзімнен төрт жас үлкен болса да Дәулет екеуміз көп ойнаппыз. Әлі есімде, ойынға бір қанбайтынбыз, неше түрлі ойындар тауып алатынбыз. Әкей баламен бала болып деп Дәулетке үнемі ұрсып жүретін. Ол кезде киноның ең төресі Робин Гуд қой. Содан екеуміз таяқтан қылыш жасап, қылыштасатын едік. Бір қолымызда таяқ болса, ал екінші қолымызда кәстрөлдің қақпағы болатын. Оны жіпке байлап ұстап қалқан қылатынбыз. Анамыздың кәстрөл қақпақтарын талай майыстырған едік. Образға еніп алған біз қылыштасып жүріп үйдің маңынан ұзап кететінбіз.

Continue Reading

Кинодан қашқан бесеу

Біздің интернат Жасыбай кинотеатрының дәл іргесінде орналасқан. Баянауылда не қызық бар дейсің, бар қызығымыз осы ғимарат. Ол кездің суретшілері шебердің шебері ғой. Театр алдындағы афишаға алдағы уақытта болатын фильм, мультиктердің атауы мен эпизод көрінісін майлы бояумен салып қоятын. Мысалы, Жан-Клод Ван Дамм киносы жүретін болса, оның жұдырығы соғып, ал аяғы теуіп жататын холст бетінде суреті пайда болады. Жарнамасы интернаттың дәл іргесінде ілініп тұрғасын киноға қалай бармайсың?

Continue Reading