Круглый стол онлайн

27 августа 2020 года в Карагандинском университете им. академика Е. А. Букетова состоялся Круглый стол на тему «Ата заң еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры», посвященный 25-летию Конституции Республики Казахстан.

Continue Reading

Тарихты таразылау – ардың ісі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай айтқан үндеуінің тарихшылар үшін ерекше маңызы бар. Себебі, осы проблеманы зерттеудің өзектілігіне қайтадан көңіл аудартты. Арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, зұлмат жылдардың ашылмай жатқан жақтарын зерделуді тапсырғаны ғылыми және гуманистік тұрғыдан да өте дұрыс шешім болды. Тарихтың тағылымын білу, озығынан ой түю, тозығынан безіну бүгін ұрпақ үшін үлкен өмір мектебі. Азаттық пен тәуелсіздік үшін өмірлерінің соңына дейін адал қызмет жасаған арыстарымызды еске алу, ерлік істерін насихаттау, олар армандаған Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін бірлігімізді бекемдеп, ұлтаралық татулықты сақтап және білім мен ғылымда үлкен жетістіктерге жету біздің парызымыз.

Continue Reading

Ұлыларын ұлықтаған, төл тарихын ұмытпаған

Жақсылықта сүйіншілейтін халықтың баласымыз ғой. Сүйінші! Қаламыздағы бірнеше мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді. Өте қуанышты хабар! Сондай, қуанып жатқандардың бірі 103 мектеп-лицейі болар! Себебі бұл оқу орнының директоры Рахат Қазтаев бастаған ұжымның алаштың ақырғы ақиығы Әлімхан Ермековтің есімін алу жолында атқарған ұйымдастыру, оқу-әдістемелік, ғылыми тәжірибелік жұмыстарына куә болған едім.

Continue Reading
Никто не забыт, ничто не забыто: женщины-фронтовики из Центрального Казахстана
На фото девушки-добровольцы, вокзал, г. Караганды, 1942 г.

Никто не забыт, ничто не забыто: женщины-фронтовики из Центрального Казахстана

В КарГУ им. Е. А. Букетова на историческом факультете в Центре этнокультурных и историко-антропологических исследований ведется разработка научно-исследовательского проекта о женщинах Казахстана в годы Великой Отечественной войны, финансируемого Министерством образования и науки. Этот проект, как и многие другие, реализуется в рамках программы «Рухани жаңғыру». Историки КарГУ пишут о героинях войны — фронтовиках и тыловиках, среди которых были и наши земляки, женщины Центрального Казахстана. Вспомним о войне, о героинях фронтовых будней.

Continue Reading

Ұлы Жеңіске 75 жыл

Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске биыл — 75 жыл. Жеңіс күні десе, ең алдымен ардагерлеріміздің елі үшін жасаған ерлігі есімізге түседі. Сол бір 1941—1945 жылдардағы сұм соғыста өздерінің отбасыларын тастап, отқа оранған қан майданға аттанған майдангерлер қасық қаны қалғанша жаумен шайқасты. Майдан шебінде Отан үшін жанын пида етті.

Continue Reading

Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының адамзат өркениетіне қосқан үлесі

Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері — Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі, рухани және мәдени мұрасы. 2019 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл, философ, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын 2020 жылы атап өту туралы № 133 Жарлығы шықты. Бұл қабылданған мемлекеттік маңызды құжаттың еліміздің қоғамдық-саяси және интеллектуалдық рухани өмірінің қарыштап дамуына үлкен серпіліс әкелетіні анық. Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Елбасы Н. Ә. Назарбаев қабылдаған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасындағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы өзекті мәселелерімен толық сәйкес келеді.

Continue Reading