Сауатты жазу – тіл мәдениетінің бір көрінісі

Қыркүйектің 8-і Халықаралық сауаттандыру күні. Айтулы күнді ЮНЕСКО 1965 жылдың 8 қыркүйегінде Тегеран қаласында өткен Білім министрлерінің Бүкіләлемдік сауатсыздықты жою жөніндегі конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

Continue Reading

Қарағандыда «Тіл жанашырлары» марапатталды

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының иегерлері анықталды. Айтулы байқау 2012 жылдан бері тіл саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан тұлғаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Соңғы үш жыл көлемінде тіл тақырыбын қозғап, мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері, үш тілді жетік меңгерген жастар арасынан үздік деп танылған 8 үміткер жекелеген аталымдар бойынша марапатталды. Биыл сыйлықты табыс ету салтанаты алғаш рет телевизиялық нұсқада түсірілді.

Continue Reading

Тіл – ұлт рухының алтын қазығы

«Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі – тілі, бірі – ділі жүректегі», – деп ғұлама бабамыз Жүсіп Баласағұн айтқандай, ана тілі мен ана сүті ажырамас егіз ұғым. Анасын қадірлемеген адам өз ұлтын, туған тілін шынайы сүйіп, құрметтей алмайды.

Continue Reading

Круглый стол онлайн

27 августа 2020 года в Карагандинском университете им. академика Е. А. Букетова состоялся Круглый стол на тему «Ата заң еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры», посвященный 25-летию Конституции Республики Казахстан.

Continue Reading

Тарихты таразылау – ардың ісі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай айтқан үндеуінің тарихшылар үшін ерекше маңызы бар. Себебі, осы проблеманы зерттеудің өзектілігіне қайтадан көңіл аудартты. Арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, зұлмат жылдардың ашылмай жатқан жақтарын зерделуді тапсырғаны ғылыми және гуманистік тұрғыдан да өте дұрыс шешім болды. Тарихтың тағылымын білу, озығынан ой түю, тозығынан безіну бүгін ұрпақ үшін үлкен өмір мектебі. Азаттық пен тәуелсіздік үшін өмірлерінің соңына дейін адал қызмет жасаған арыстарымызды еске алу, ерлік істерін насихаттау, олар армандаған Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін бірлігімізді бекемдеп, ұлтаралық татулықты сақтап және білім мен ғылымда үлкен жетістіктерге жету біздің парызымыз.

Continue Reading

Тарихи тұлға

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бостандығы үшін күрес жолында құрбан болған Нығмет Нұрмақовтың туғанына биыл 125 жыл. Зобалаңға толы отыз жетінші жылдарда репрессияға ұшыраған Нығмет Нұрмақовтың өмір жолы, халқына сіңірген ерен еңбегі ел жадынан еш ұмытылмақ емес.

Continue Reading

Мұражай – тарих айнасы

Мұражай – қаншама ғасыр қойнауынан бізге жеткен жәдігерлерді сақтаушы тылсым орын, адамзат жасаған ерекше өнер туындыларын жинақтаған жер. Әлемде 100 мыңға жуық мұражай бар деп есептеледі. Ең алғашқы мұражай, Александрия қаласындағы Мусейон атты ғимарат өз тарихын сонау б. э. д 290 жылдан бастайды. Мұражайлар өздерінің қалыптасу кезеңінде бір елдің басқа елдерді жаулап алған кезінде қолға түсірген қандай да бір өнер туындыларын, қайталанбас жәдігерлерін жинақтау үшін салынса, уақыт өте келе оның қызметі өзгеріп, мән-маңызы арта түсті. Қазіргі таңда мұражай тарихи маңызы бар ескерткіштер мен жәдігерлерді жинақтап, сақтауға қызмет етеді. Ерекше өнер туындыларын рухани құндылық ретінде дәріптейді. Сонымен қатар, ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін құнды заттарды ұрпаққа паш етеді. Осылайша мұражайлар тарихи, мәдени құндылықтарды әрі заттай, әрі рухани байытатын баға жетпес орынға айналды.

Continue Reading

Академик Евней Арыстанұлы Бөкетовке арналған мемориалды музей

Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы ректоры, көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Евней Арыстанұлы Бөкетовке арналған музей 6 экспозициялық залға бөлінген, онда хронологиялық тәртіппен академиктің өмірі мен қызметі туралы экспонаттар орналастырылған. Бұл экспонаттар мен деректемелер ғалымның өмірімен терең танысуға мүмкіндік береді.

Continue Reading

Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарихына арналған музей

Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстандағы ең жоғарғы оқу орындарының бірі болып саналады. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ музейі 2002 жылдың қыркүйек айында құрылған (Университет, 28). Экспозициялық ауданы 505 ш. м құрайды. Бұнда университеттің алғашқы құрылуы, ғылыми-техникалық жетістіктері, мәдени өмірі және спорттағы бағындырған белестері, факультеттердің қызметі көрсетілген.

Continue Reading

Бабадан қалған асыл сөз

Қазіргі мемлекетімізге, қоғамымызға қарасам, қай салада болмасын үлкен кемшіліктер табылып жатады. Тәуелсіздік алғалы ұлы, іргелі, қуатты ел боламыз деген үмітпен осы уақытқа да жеттік. Қай елдің болмасын алға жылжуына ең алдымен ілім, ғылым мен рухани идеологияны берік қалыптастыру әрі дамыту негізгі тірек болады. Руханияты берік ел ғана өз мүддесіне жетіп, халқы бақытқа бөленеді.

Continue Reading

Ұлыларын ұлықтаған, төл тарихын ұмытпаған

Жақсылықта сүйіншілейтін халықтың баласымыз ғой. Сүйінші! Қаламыздағы бірнеше мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді. Өте қуанышты хабар! Сондай, қуанып жатқандардың бірі 103 мектеп-лицейі болар! Себебі бұл оқу орнының директоры Рахат Қазтаев бастаған ұжымның алаштың ақырғы ақиығы Әлімхан Ермековтің есімін алу жолында атқарған ұйымдастыру, оқу-әдістемелік, ғылыми тәжірибелік жұмыстарына куә болған едім.

Continue Reading
Никто не забыт, ничто не забыто: женщины-фронтовики из Центрального Казахстана
На фото девушки-добровольцы, вокзал, г. Караганды, 1942 г.

Никто не забыт, ничто не забыто: женщины-фронтовики из Центрального Казахстана

В КарГУ им. Е. А. Букетова на историческом факультете в Центре этнокультурных и историко-антропологических исследований ведется разработка научно-исследовательского проекта о женщинах Казахстана в годы Великой Отечественной войны, финансируемого Министерством образования и науки. Этот проект, как и многие другие, реализуется в рамках программы «Рухани жаңғыру». Историки КарГУ пишут о героинях войны — фронтовиках и тыловиках, среди которых были и наши земляки, женщины Центрального Казахстана. Вспомним о войне, о героинях фронтовых будней.

Continue Reading

Ұлы Жеңіске 75 жыл

Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске биыл — 75 жыл. Жеңіс күні десе, ең алдымен ардагерлеріміздің елі үшін жасаған ерлігі есімізге түседі. Сол бір 1941—1945 жылдардағы сұм соғыста өздерінің отбасыларын тастап, отқа оранған қан майданға аттанған майдангерлер қасық қаны қалғанша жаумен шайқасты. Майдан шебінде Отан үшін жанын пида етті.

Continue Reading

Қазақ тілі күні құтты болсын!

Қазақ күнтізбесіне сәйкес тоғызыншы сәуір ұлттық қазынамыз - Қазақ тілі күні деп бекітілген болатын. Осы орайда Нұржан Сұршаұлының бастаған осынау эстафетаны академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамына жолдаймын. "Тіл -- ұлттың айнасы" дейді. Олай болса, тіл мәртебесін көтеру мақсатында бастау алған осынау игі істі жалғастырайық!

Continue Reading

Тіл – ұлт айнасы

Қашанда әрбір халықтың құнды қазынасының болғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Сондай асыл да киелі қазынамыздың бірі сонау ата-бабамыздан бізге мирас болып жеткен ұлттық тіліміз – қазақ тілі. Ал бүгінде ана…

Continue Reading

Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының адамзат өркениетіне қосқан үлесі

Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері — Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі, рухани және мәдени мұрасы. 2019 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл, философ, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын 2020 жылы атап өту туралы № 133 Жарлығы шықты. Бұл қабылданған мемлекеттік маңызды құжаттың еліміздің қоғамдық-саяси және интеллектуалдық рухани өмірінің қарыштап дамуына үлкен серпіліс әкелетіні анық. Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Елбасы Н. Ә. Назарбаев қабылдаған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасындағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы өзекті мәселелерімен толық сәйкес келеді.

Continue Reading

«Тура биде туған жоқ»

Орталық Қазақстандағы би-шешендердің әдеби мұрасымен кеңінен танысқыңыз келсе, "Тура биде туған жоқ" ғылыми жинағын қолыңызға алыңыз. Жинақтың авторы филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхаммадғали Ілиясұлы Әбдуов.

Continue Reading