Рухани жаңғырудың бастауы — мәдениет пен өнер
21 мамырда Қазақстанда мәдениет және өнер өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеуге, мәдени және тарихи құндылықтарды дамытуға және сақтауға баса назар аударылады. Университетімізде өнердің әр саласында еңбек етіп, білім алып жүрген өз ісінің білгірлері — музыканттар, суретшілер мен мүсіншілер және мұражайлар мен кітапханалардың, көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметкерлері жұмыс істейді. Мәдениет пен өнер өкілдері тұлғаның әлеуметтену жолында маңызды фактор бола отырып, жастардың үйлесімді тәлім-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруына зор үлес қосуда.