Ученый, созидатель, патриот

Целому поколению наших современников выпала уникальная судьба – жить и творить на стыке исторических эпох. Судьба закалила лучших, сделала их профессионалами высшей пробы и дала уникальную возможность создавать и развивать новую страну, её экономику, науку и образование. Таким человеком для высшей школы Казахстана стал доктор исторических наук, профессор Рымбек Муратович Жумашев, отдавший отечественному образованию свои незаурядные способности, талант ученого и организатора.

Continue Reading

Құттықтаймыз!

Бүгін университет Басқармасының отырысында ректор Нұрлан Дулатбеков педагогикалық қызметтегі табыстары үшін филология факультеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Айтбаеваны «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру сапасының артуына қосқан жеке үлесі үшін алғыс хатымен Қашықтан білім беру орталығының жетекшісі Гаухар Жетимекованы, философия және психология факультеті саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Айгүл Бейсенованы, философия және психология факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, психология кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Бурленованы марапаттады.

Continue Reading

Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

Қазанның алғашқы жексенбісі елімізде кең көлемде аталып өтілетін ұлық мерекенің бірі – Ұстаздар күні. Осы бір айтулы датаны тағатсыздана күтіп, білім-ғылымға баулыған ұстаздарымызды құттықтап, қуантуға асығамыз. Жүрекжарды жылы лебіз – шәкірттің ұстазға құрметі.

Continue Reading

Экология – болашақтың мамандығы

Бүгін экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні. Табиғаттың тылсым сырына үңіліп, тіршіліктің тілін түсінуге өмірін арнаған эколог мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарар болсақ, табиғатты сүю, қоршаған ортаны аялау көркем мінездің қалыптасуына ықпал етеді екен.

Continue Reading

Жарайсың, Бектас!

Бүгін философия және психология факультетінің 2 курс студенті, Студенттік Парламенттің депутаты, «Ұлағат» шығармашыл жастар клубының жетекшісі Бектас Жұман Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатымен марапатталды. Аймақ басшысы: «Пандемияға орай төтенше жағдай кезінде қауіп пен қиындыққа қарамай, ауызбіршілік пен жауапкершілік танытқан волонтерлердің еңбегі аса зор. «Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлер штабының бастамасымен жүзеге асқан игі іс-шараларға белсене араласып, ерік-жігер мен табандылығыңызды танытқаныңыз үшін сізге алғыс білдіремін!» — дей келе, ізгі тілегін жеткізген.

Continue Reading

Өнерліге өріс кең

Адам баласы дүниеге келген сәтте бойында аса бір дарыны мен өнері болса, ол дарыны мен өнері көптің көзіне түспей қоймайды. Қазақтың қанына сіңген өнер қашанда көзге түсіп келеді. Ата-бабымыздан қалған, бізге жеткен мәдениет пен өнер – өміріміздің алтын діңгегі. Көпұлтты мемлекет бола тұра, ұлтымызға тән ерекшеліктерімізді жоғалтпай, дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап келе жатқан еңселі елміз. Әрине, бұл біздің осы салада жүрген мықты майталмандарымыздың еңбегі, төккен тері. Қазақтың маңдайының бағы, талай белесті бағындырып, аты мәшһүр болған тұлғаларымыз жетерлік.

Continue Reading

Рухани жаңғырудың бастауы — мәдениет пен өнер

21 мамырда Қазақстанда мәдениет және өнер өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеуге, мәдени және тарихи құндылықтарды дамытуға және сақтауға баса назар аударылады. Университетімізде өнердің әр саласында еңбек етіп, білім алып жүрген өз ісінің білгірлері — музыканттар, суретшілер мен мүсіншілер және мұражайлар мен кітапханалардың, көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметкерлері жұмыс істейді. Мәдениет пен өнер өкілдері тұлғаның әлеуметтену жолында маңызды фактор бола отырып, жастардың үйлесімді тәлім-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруына зор үлес қосуда.

Continue Reading

«Желаем красоту рассветов и закатов»

Сотрудники кафедры «Маркетинг» Карагандинского государственного университета им. академика Е. А. Букетова поздравляют с днём рождения свою коллегу – магистранта 1 курса Гребенюк Дарью Дмитриевну.

Continue Reading

Қымбатты ардагерлер, оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын! Бұл мереке жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудағы халықтың батылдығы мен ерлігінің нышаны ретінде жүрегімізге ұялады. Біз майдан даласынан оралмаған аталарымызды еске алып, ерліктеріне тағзым етеміз. Біз сол бір жылдарда Жеңіс күнін жақындатуға күш қосқан тыл еңбеккерлерінің ерлігін есте сақтаймыз. 1945 жылдың мамырынан бері қанша жыл сырғып өтсе де біз зұлымдық пен зомбылықты жеңген жеңісті күнімізді ешқашан ұмытпақ емеспіз. Батылдық пен қайсарлық, парызға адалдық әрқашанда біз үшін және болашақ ұрпақ үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі болып қала береді. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, отбасы амандығын, бейбіт өмір, жарқын мерекелі күндер тілеймін!

Continue Reading