Жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру мәселелері
Еліміз егемендік алған жылдардан бастап қоғам өмірінде түрлі саяси, тарихи, экономикалық күрделі өзгерістер, сан-салалы бағыттарды қамтып, бүгінгі таңда әртүрлі этникалық топтар мен түрлі діни ағымдағы қоғамды қалыптастырды. Бұл Конституцияда жазылған азаматтарға берілген діни наным-сенім бостандығының жемісі. Өйткені, дін атаулының қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуында орны мен рөлі ерекше. Дін мәселесін тек қана құдайды танып, оған ғибадат жасау ғана деп түсіну жеткіліксіз. Қазіргі таңда мемлекетіміз дін мәселесінің күрделілігі мен маңыздылығын түсініп, діни қатынастарға, яғни дінге байланысты маңызды мәселелерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені, қандай да бір ұлттың басты құндылығының бірі, оның діни сенімі болып табылса, онда дін мен халықтың бірлігі бір-бірімен тікелей байланысты екенін уақыттың өзі дәлелдеді.