Жылы лебіз

Ұстаздар күні қарсаңында саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміз білім ордамызға жылы лебіздерін арнап, алғыстарын білдірді. Ардагерлеріміздің алғыстарының бір парасын жариялап отырмыз.

Continue Reading

Қарттарымыз қамкөңіл болмасын

Біз өмір сүріп жатқан мына заман бір кездегі ата-бабамыз ғұмыр кешкен дәуірден бір бөлек. Заман өзгерді ме, әлде біз – адамдар өзгердік пе?.. Күнделікті күйбең тірлікте түрлі адам сенгісіз іс-әрекеттерді көріп, өсіп келеміз. Құлаққа түрпідей тиіп, көзге құбыжық болып көрінген көріністерге қанша қарсы тұрғанымызбен, небір жаман індеттер қоғамды деңдеп кетті. Адамдықтың шегінен шыққан бассыздықтарға әлі де шектеу қоя алмай келеміз. Неге?.. Індет демекші, сөздің шынын айту керек, осы күні үлкенді сыйлаудан, қарттарды құрметтеуден қалып барамыз.

Continue Reading

Күзгі элегия

«Құстар әнін» қалықтатып, үзілген жапырақты көйлегіне қыстырып, сап-сары шашын жайып жіберіп Күз ару да келіп қалыпты. Жазда қалып қойған өші бардай әлдебір үмітін осы сары шаштың ұшына ілдірген талай ақынға бұл шабыт сыйлағаны сөзсіз.

Continue Reading

Мейірім

Билетті тым ерте алып қоймасаң уақыт аз қалғанда табуың тіпті мүмкін емес. Сөйтіп жүріп мен де сәл кештеу қозғалып, Қарағандыға бару үшін Шуға билет алғанмын. Анамның жанарына қайта-қайта үңіліп, адым кетпей сағына бастадым. Әкем мен ағам шығарып салып, ақ жолын тілеп кеткен.

Continue Reading

Медбике – мерейлі мамандық

Қарағандыда медбикелер дайындайтын колледж студенттеріне «Отандық тарихтағы тұлғалар тағдыры» жайлы бірнеше рет дәріс оқып, пікір алмасу жұмыстарын өткізген күндеріміз де тарих қойнауына кеткен екен… Ақ халатты абзал жандар болуға ұмтылып, білім алып жатқан студенттерге Ұлы дала еліндегі ем жасау, дәрілік шөптердің емдік қасиеті туралы тұщымды жазбалар қалдырған дәрігер-ғалым, заңгер, алаштың азаматы Барлыбек Сырттанов жайлы талай қызықты әңгімелер айтып берген едім. Тұлғалардың тағылымы туралы дәріс тыңдаған сол студенттер бүгінде дәрігер. Олар қазіргі халық денсаулығы үшін күресте өз үлестерін қосқан болар. Оларға амандық тілеймін!

Continue Reading

17 мамыр — Қазақ қыздары күні

Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы. «Қызға қырық үйден тыю» деген дана философиялық қағидаға орай ата-бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. «Қыз өссе, елдің көркі» дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбексүйгіштікке, әдемілікке баулыған. «Қыз жат жұрттық» деп айтылып, өмірден сабақ ала білген бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігімен, көргендігімен дараланғанын қалады. Сол үшін де ата салттың мәнін өзгертпей, оны қатаң сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Нәтижесінде қазақ қыздары адами киелі қасиеттерді бойына жинап, өзге халықтардан ерекшеленді.

Continue Reading

«Отан отбасынан басталады»

«Отбасы – шағын мемлекет» деген екен дауылпаз ақын Қасым Аманжолов. Осы шағын мемлекеттер бірігіп отырып үлкен бір қоғамды құрайды. Қоғам болса бір мемлекеттің негізгі тірегіне айналады. Сол себепті кез келген мемлекет үшін онда өмір сүріп жатқан отбасылардың жағдайы маңызды. Ең алғаш 1993 жылы осы тақырыпты қозғай отырып, қоғам назарын отбасына аудару мақсатымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 15 мамырды Халықаралық отбасы күні деп жариялады.

Continue Reading

Бірлігі бекем берекелі елміз

«Байлық байлық емес, бірлік – байлық» делінген қазақ даналығында. Шынымен де бірлігі жарасқан елдің басындағы бағы баянды. Көптеген өзге ұлт пен ұлыс өкілдері бүгінгі таңда қазақ жерін мекен етіп, қазақ жұртымен бірге көк аспан астында бір нанды бөлісе жеген бауырлардай тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Continue Reading

Бір дос керек

Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысқан Сәкен ақынның «Сыр сандық» өлеңін оқып па едіңіз? Досқа жазылған хаттың ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ұждан, достық пен қатаңдық, «Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған» дегендей, сым перне, алтын сарай образдары арқылы көркемдік идеяларын, жан сырын оқырман қауымға айқара ашып салады.

Continue Reading

Қыз қылығымен көрікті

«Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе — елдің көркі» дейміз. Ата-бабамыз осы бір мақалдың астарына үлкен ойды сыйдырған. Кезінде еліне көрік сыйлаған қазақ қызы қандай болған? Қырық үйден, қала берді қара күңнен тыйым көрген. Мінезімен, қылығымен көркін ажарландырған. Халқымыз қызды ертеңгі адал жар, ибалы келін, өмірге ұрпақ әкелетін аяулы ана, ақылшы ене, ел анасы деп таныған. Ал бүгінде осы мақалға қандай ойды сыйдырып жүрміз?..

Continue Reading

Құс та болғым келеді

Құстар. Өте керемет жаратылыс. Қанат қаққанының өзі бір ғанибет дерсің. Ауада қалықтап, қанаттарымен желпіп-желпіп жібергенде әлдеқандай тылсым дүниеге ойың кетіп, өзге әлемге бейне сапар шегесің. Олар еркін. Басы ауған жаққа ұшса да, көздеген жеріне қонса да өз еркінде. Бастысы, қауіпсіз мекен болса болғаны.

Continue Reading

Почетный гость и меценат

Накануне Дня университета в КарГУ им. академика Е.А.Букетова состоялась встреча с депутатом областного маслихата, обладателем национальной премии «Алтын жүрек» и золотой медали «Бірлік» Бекзатом Қомарұлы Алтынбековым. В ходе встречи с…

Continue Reading

Көктем — жыр

Көктем – сұлулықтың символы. Сұлулықтың әр нәрсеге қатысы бар. Сондай-ақ өлеңге де. Көктем мен жыр, яғни Муза мен үшін бір ұғым. Екеуі де әдемілік, екеуі де мәңгілік жастықтың бейнесі. Ақын жырын тамылжытып төккенде бейне бір гүлге оранған әлем көз алдыңа елестейді. Мүмкін көктем келгенде шабыт та қатар кеп, шығармашыл, қиял көкжиегіне сапар шегетін жандардың туындыларының көбейіп қалатынының да мәні осы ұқсастықта жатқан шығар.

Continue Reading
  • 1
  • 2