Бектас Бақытұлы Жұман, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында 2001 жылы 8 мамырда дүниеге келген.
«Ұлағат» шығармашыл жастар клубының жетекшісі. 2016 жылы Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер (КМС), 2017 жылы «Жастар» сыйлығының жеңімпазы, 2017 жылы облыстық жас ақындар мүшәйрасының Әбілқас Сағынов атындағы арнайы жүлде иегері, 2017 жылы «Абай оқулары» облыстық байқауында өз шығармашылығы бойынша 1 орын, облыстық проза байқауының 1 орын иегері, 2018 жылы «Абай оқулары» облыстық байқауында бас жүлде иегері, 2018 жылы республикалық Абай оқуларының лауреаты, 2019 жылы Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасының арнайы жүлде иегері, 2019 жылы Республикалық Қасым оқуларының Гоголь атындағы арнайы жүлде иегері, 2019 жылы «Бұқарекең жырлайды» облыстық жыр мүшәйрасының 2 орын иегері.