Абайға

Жылдар өтіп барады ғасыр ауып,
Бұл күнде бәрі дөкей, тасыр-алып.
Құнанбайдың ұлындай фәниге бұл,
Өкінішті, келмейді ұл ғасырда анық...

Continue Reading

Қарағанды — қара өлеңнің қағбасы

Арқа өңірінде ақындар жиылған жақсы орта бар. Серік Ақсұңқарұлынан бастап, Серік Сағынтай, Қайрат Асқар, Руслан Нұрбай, Бағдат Мүбарак, Нұрлан Абилден сынды танымал ағаларымыздың поэзия атты құдіретке өз қолтаңбаларын қалдырғаны белгілі. Бұл кісілердің ізін Мирас Асан, Жанат Жаңқашұлы, Жәнібек Әлиман, Рауан Қабидолдин жалғайды. Алдыңғы буын ағалардың соңынан ерген жас буынның көшін Аян Мейраш, Әділет Шопен, Жоламан Әйткен, Ерік Нарын, Жұман Жасқанат, Бек Ноғайбайұлы жалғап келеді. Жалпы әр ақынды алып қарасақ та өзіндік сарыны бар, өзіндік қолтаңбасы бар ерекше жандар. «Ақынды «үшінші көзі» ояу оқырман ғана түсінеді» дейді. Рас, ақын жанын ақыннан басқа кім түсінсін. Ешкім түсіне бермейтін, қиялы мен әлемі бөлек жандар.

Continue Reading

«Балауса қалам — жауқазын жырлар»

Ернұр Төкен 1999 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті. «Балауса қалам — жауқазын жырлар» атты жыр кітабының авторы. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері.

Continue Reading