Ақын алауы

Бүгін Алаштың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың туған күні. «Өмірге ендім еңбектеп, Шалқалап әкем шықты үйден…» дейтін өмір философиясын айта білген сұңғыла суреткер қайшылықты кезеңде ғұмыр кешті.

Continue Reading

Мен оқыған бір кітап

Абай атамыздың «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деген сөзімен ерінбей бірталай кітапты оқып, білімнің патшасын табуға болады. Кітап оқу арқылы біз ұлы игіліктерге көз жеткіземіз. Болған оқиғаны көзбен көрмесек те, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, жазбаша түрде қалған естелік арқылы ой жүгірте аламыз. Бейтаныс ғаламның құлпын ашуға да мүмкіндік бар. Кітаппен дос болу арқылы ой-өрісімізді кеңейтіп, сөз мәдениетін жоғарылатып, рухани жан-дүниемізді байытамыз.

Continue Reading

Абайға

Жылдар өтіп барады ғасыр ауып,
Бұл күнде бәрі дөкей, тасыр-алып.
Құнанбайдың ұлындай фәниге бұл,
Өкінішті, келмейді ұл ғасырда анық...

Continue Reading

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

«Менің атым Қожа» фильмін көрмеген қазақ жоқ шығар. Үлкеннің де, кішінің де көңілінен шыққан, Абдолла Қарсақбаев түсірген танымал фильмді қанша көрсең де жалықпайсың. Ал осы озық туындының авторы қазақ балалар әдебиетінің дарынды жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы не білеміз?..

Continue Reading

Оқыдым, ой түйдім, ойландым

Көп ойландым. Көп ойландым да алғашында «Махаббат жыры», кейін «Махаббат, қызық мол жылдар» атымен белгілі Әзілхан Нұршайықов атамыздың осы бір кітабына пікір қалдыруды жөн көрдім. Әр жеке тұлғаның өз ойы,…

Continue Reading

Қарағанды — қара өлеңнің қағбасы

Арқа өңірінде ақындар жиылған жақсы орта бар. Серік Ақсұңқарұлынан бастап, Серік Сағынтай, Қайрат Асқар, Руслан Нұрбай, Бағдат Мүбарак, Нұрлан Абилден сынды танымал ағаларымыздың поэзия атты құдіретке өз қолтаңбаларын қалдырғаны белгілі. Бұл кісілердің ізін Мирас Асан, Жанат Жаңқашұлы, Жәнібек Әлиман, Рауан Қабидолдин жалғайды. Алдыңғы буын ағалардың соңынан ерген жас буынның көшін Аян Мейраш, Әділет Шопен, Жоламан Әйткен, Ерік Нарын, Жұман Жасқанат, Бек Ноғайбайұлы жалғап келеді. Жалпы әр ақынды алып қарасақ та өзіндік сарыны бар, өзіндік қолтаңбасы бар ерекше жандар. «Ақынды «үшінші көзі» ояу оқырман ғана түсінеді» дейді. Рас, ақын жанын ақыннан басқа кім түсінсін. Ешкім түсіне бермейтін, қиялы мен әлемі бөлек жандар.

Continue Reading

Қақпан ақынның өлеңдері мен толғаулары

Ақындығымен Арқа өңіріне аты мәлім болған өткір тілді, от ауызды Қақпан Жиренбайұлы ел аузынан жеткен мәліметтерге қарағанда 1864 жылы қазіргі Қарағанды облысына қарасты Шет ауданындағы Бұғылы тауының баурайында дүниеге келіп, 1934 жылы Қызылжарда қайтыс болған. Ол әрі кедей, әрі дау-дамайдан аулақ жүретін момын Жиренбайдың бес ұлының ішіндегі ең кенжесі.

Continue Reading

Поэтикалық дуэль

Қазақ поэзиясының жаңаша сипат алуына негіз болған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев екені сөзсіз. ХХ ғасыр қазақ поэзиясы Абайдың ақындық мектебінің әсер-ықпалымен өркендегені де шындық. Абайдың өзі «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын әрі жазушы, қоғам мен мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин де Абайды өзіне үлгі тұтты

Continue Reading

«Бір кітап — бір әлем»

Жыл ағымындағы 14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау күні». Бұрындары осы күнді «Әулие Валентин» деуші еді. Қазір ол күн ұмыт болып, асыл қазына — кітапқа көңіл бөлінді. Бүгінгі «дайын асқа тік қасық» дейтін технология заманында, ғаламтор арбаған дәуірде рухани азықтың ең алғашқы қарлығашы — кітаптың құны түсіп, оқылмайтын сәтте, әрине, аталмыш күннің қоғамдық маңызы өте зор болса керек.

Continue Reading

Әлемді кітаппен таны

Кітап — адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» — деуі осыдан.

Continue Reading

«Балауса қалам — жауқазын жырлар»

Ернұр Төкен 1999 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті. «Балауса қалам — жауқазын жырлар» атты жыр кітабының авторы. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері.

Continue Reading
  • 1
  • 2