Абайдың ұлағаты

Ел егемендігінің барысындағы жетістіктерімізді бағамдап, талай ұтымды ұсыныстар мен рухани құндылықтарымыздың түп-тамыры жайлы жазатын ұлттық газетімізде жарияланған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай — рухани реформатор» атты мақаласында бүгінгі Ұлы дала елінің даму жолын Абайдай ғұламаның ғибратын талдау арқылы нақты көрсеткен.

Continue Reading

Ұлылықты ұлықтаудың ұстанымы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы абайтану ілімінің ғана емес, қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелеріне арналған. Мақалада Абайды тану – барға бас шұлғып, ат басын тежеу емес, кез келген ғылым саласы сияқты оның да үнемі жаңа деректермен, соны пікірлермен толықтырылып отырылуы күтулі заңдылық екені айқын көрсетілген. Абай әлемі – тұтас бір дәуірді қамтитын рухани мұра болса, Абайды тану – белгіліден белгісізге қарай үздіксіз, үзіліссіз сатылап дамитын үдеріс. Ғылым тек қана күдіктен тумақ, тың ізденістерге жол ашпақ.

Continue Reading

Абайдың рухани әлемі

Ағымдағы жылдың 10 тамызында ел көлемінде Абай күні аталып өтті. Ақындар мен жазушылардың шығармашылығы жаңа мәдениетті қалыптастырып, рухани құндылықтарды оята отырып, әрқашан адамдардың дүниетанымына айтарлықтай әсер етеді.

Continue Reading

Абай күні

«Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» — дейді Ахмет Байтұрсынов. Рас… Абайдан оза туған ұлы ақын қазақ даласында болған емес. Абайдың даналығы һәм даралығы тегінен екені бесенеден белгілі. Әйткенмен, оның тұлға болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір ұлы күш — халық, сол замандағы қаймана қазақтың тұрмысы мен тыныс-тіршілігі.

Continue Reading

Ұлтжанды тұлға

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасы 1965 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Қарағанды мұғалімдер институты болып тұрған кезде «Қазақ тілі мен әдебиеті» деп аталған ортақ кафедрадан бөлініп жеке шаңырақ көтерген жаңа ұжымды филология ғылымдарының кандидаты, доцент З. Т. Жұмағалиев басқарды. Кафедраның алғашқы құрамында филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Н. Нәрешов, аға оқытушылар Қ. К. Лекеров, М. К. Смағұлов, оқытушы С. М. Жұмабекова секілді білікті мамандар еңбек етті.

Continue Reading

«Жақсының аты өлмейді»

Дана халқымыз «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деп текке айтпаған болар. ҚарМУ қара шаңырағында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, факультетіміздің ардагер ұстазы атанған Ортай Абдрахманұлы былтыр тоқсанға қараған шағында дүниеден озды.

Continue Reading
Ұлт мақтанышы ұлықталса екен
Кәрім Мыңбаев

Ұлт мақтанышы ұлықталса екен

Уақыт жылжып алға озған сайын жастарға, келер ұрпаққа үлгі-өнеге, сабақ болатындай әңгімелерді айтқың келеді. Ауыл шаруашылық саласы бойынша зерттеу жүргізіп жүрген маман, ұстаз ретінде жастарға қазақтың аграрлық ғылымының көшбасшысы, халқымыздың мақтанышына айналған алғашқы биология ғылымдарының докторы Кәрім Мыңбаев жайлы айтуды жөн көрдік. Жарқ еткен жұлдыздай жарқырап, небәрі 42 жасында өмірден озған, қазақ атын әлемге танытқан жерлесімізді бүгінгінің баласы біле жүрсін деген ниет қой біздікі.

Continue Reading

Ерлік — асылдық

Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… бұл қай құлаққа да жағымды естілер асыл ұғымдар. Осы ұғымдар әр жүректен өз орнын алып, оған бірде-бір нұқсан келтірместей әркім өз қорғанын салады. Ел басына күн туса, ер отырмас ер болса. Біз «ел», «жер» деп соғатын жүрегіміз қай кезде сыналарын жақсы білеміз. Бірақ сынға дайынбыз ба, жоқ па? Оны біздегі жанқиярлық ерлік дәлелдейді. Ерлік — асылдық. Адамзаттың бойынан табылатын жаратқан берген мейірім — махаббатты өз кеудеңде сақтай бермей, махаббатпен келетін бар күш-жігеріңмен айналаңды гүлдендіру, айналаңды өзге жамандықтан сақтау. Жанын елі үшін пида еткен боздақтарымыздың махаббаты, міне, бізге 75 жыл бойы арайлы ақ таңды сыйлап келеді. Сондай асыл ерліктің иесі батыр Қазбек Бейсенұлы Нұржанов атамыз өзі өмірден өтсе де, ұрпағына мәңгілік ұран болар ерлігін қалдырды.

Continue Reading

Өмірі өнеге өренге

Қазақты қынадай қырған ашаршылық пен қуғын-сүргінді көріп, ауданннан облысқа қызметке көтерілгенінде сұм соғыс басталып, тылдағы халықтың атқан таңнан батқан күнге дейін созылар ауыр еңбегін бірге бөліскен Жұмабек Ахметұлы жайлы қандай мақтау айтса да көптік қылмас. Ешбір ұлтты, халықты алаламай, адамзаттың бәрін де сүйген еді елінің өрен ұлы. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанынан басталған жер мәселесіндегі қитұрқы саясатқа қасқая қарсы тұрып, азуы кереқарыс КСРО басшыларымен айқасты. Биік мансаптан ұлттық мүддені жоғары қойғаны үшін елдің бірінші басшысы болуына бір-ақ қадам қалғанда қызметінен алынып, Шымкент облысына қуылды. Бұдан кейін де кеңестік жүйе тарапынан жасалған қиянаттар аз болған жоқ. Бірақ мұның бір де бірі туа бітті қайсар жанды мұқатқан емес.

Continue Reading

Абайдың даналығы

«Кім десе нағыз дана — Абай дер ем» деп бала кезімде адамзаттың Абайына өлең арнағаным есімде. Кішкентайымнан талап, еңбек, терең ойдың, қанағат пен рақымның бес асыл іс, ал өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтың бес дұшпан екені санама сіңді, көкейімде жатталып қалды. Дүниенің кетігіне кірпіш болып қалануды мақсат етіп, алға ұмтылдым.

Continue Reading

Абайды оқып, жаттаған ару

Жақында адамзаттың алыбы – хәкім Абай Құнанбайұлының 200-ден астам өлеңін жаттап өскен ару қызымыз Балнұр Амантай Алатау баурайында өткен «Қазақ Аруы — 2020» байқауына қатысып қайтты. Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күнінде өлең сөзбен сусындап, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін санасына түйіп бойжеткен ҚарМУ-дың философия және психология факультетінің 4 курс студентін сұқбат алаңына шақырдық.

Continue Reading

Ақын атам жайында…

Ақын атам жайында… «Сен кімсің?» деп сұраған адамға мен: «Ұлы жүз, ойсын, Сіргелінің бір атасы Батырдың ұрпағымын деп жауап беремін» деген қара қылды қақ жаратын туған атам Төлеген Қасымұлы 1940 жылы 29 шілдеде Қарағанды облысы, Шет ауданының Шет совхозына қарасты Қармыс бөлімшесінің өңіріндегі Тесіктас деген жерде дүниеге келген. Әкесі Қасым Сырымбетұлы атағы атан түйеге жүк болған, көмейінен ақ жауындай жыр құйылған, қара сөзге қамшы салдырмаған ақ мылтық ақын болған. Бұл ақындығы баласы Төлеген Қасымұлына да дариды.

Continue Reading

«Абайдың асыл мұрасы»

Жақында педагогикалық факультетте дефектология мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.

Continue Reading
  • 1
  • 2