Ұлы тұлғаның мәңгілік мекені
Ұстаздар күні қарсаңында университетіміздің профессорлық-оқытушылар қауымы Қарағанды қаласының Михайловка елді мекеніндегі зиратта жатқан ұлы тұлға академик Е. А. Бөкетовтің басына барып тағзым етіп, рухына құран бағыштады. Академиктің мәңгілік мекен тапқан орнына гүл шоқтарын қойып, қабір айналасын, барар жолын тазалап, сауапты іс атқарды.
Ұлы тұлғаның мәңгілік мекені
Халқымыздың біртуар ұлы, ғұлама ғалым, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің зиратына барып, құран бағыштап, зиярат жасап қайттық. Қарағанды қаласының Михайловка елді мекеніндегі зиратқа барғанда көңіл шіркіннің біртүрлі қобалжығаны рас. Шарбақпен қоршалған қорымның ішінен академиктің мәңгілік мекен тапқан орнын іздеп жүріп, еліміздің өркендеуіне қызмет жасаған травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген дәрігері Хафиз Мақажанов, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасының іргетасының берік нығаюына еңбек сіңірген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Нәрешов сынды тұлғаларымыздың ескерткіштерін көріп тағзым жасадық.
Человек-эпоха
23 марта текущего года казахстанскому учёному в области химии и металлургии, писателю, поэту, академику АН Казахской ССР Евнею Арстановичу Букетову исполнилось бы 95 лет. Именно в честь него был назван Карагандинский государственный университет.
Евней Бөкетов публицистикасындағы Ш. Уәлиханов, Қ. Сәтбаев бейнелерінің тұлғалық сипаты
Е. Бөкетов есімін, ол жазған публицистикалық шығармалар өзегін Алаш жұртының алыптар легінен іздеуіміз әбден лайық. Өз заманының күрделі проблемасын шығарма шындығына айналдырған Е. Бөкетов таланты сөз жоқ келер ұрпақ қажетіне айналдырар құнды дүние қатарында тұрады.
Өмірі өнеге
Жақында ҚарМУ студенттері мен академик Е. А. Бөкетов атындағы № 52 жалпы білім беретін орта мектептің 4-9 сынып оқушылары саналы ғұмырын ғылым мен білімге, шығармашылыққа арнаған парасат-пайымы биік, рухани жан дүниесі бай, қайталанбас болмысы бөлек біртуар Ебіней Арыстанұлының мол мұрасын тереңнен танып-білу мақсатымен Гоголь көшесі бойындағы Бөкетов мемориалдық мұражайына экскурсия жасап қайтты.
Историю делают личности
23 марта исполняется 95 лет со дня рождения видного деятеля, известного ученого-металлурга и литератора, академика АН Казахской ССР, доктора технических наук, профессора, лауреата Государственной премии СССР, члена Союза писателей СССР, первого ректора Карагандинского государственного университета Евнея Арстановича Букетова.
Ғылым мұхитындағы Айсберг-аға!
Ұлан-байтақ қазақ елі талантты тұлғаларға кенде емес. Көне заманнан күні бүгінге дейін ғасырлар легінде талай-талай дарабоздар өткені тарихымыздан белгілі. Арғы дәуірлерді айтпағанда, кешегі ХХ ғасырдың өзі ұлтымызға көптеген ұлы адамдарды сыйға тартыпты. Солардың бірі — биылғы жылы 95 жылдық мерейтойы келіп жеткен Ебіней Арыстанұлы Бөкетов.