Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов негізін қалаған киелі қара шаңырақ Қарағанды мемлекеттік университеті қабырғасында білім алып, қанаттанған түлектер бүгінде еліміздің әр өңірінде табысты еңбек етуде. Университет халықтың мүддесі, Отанның игілігі жолында қызмет етіп жүрген түлектерін мақтан тұтып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге етеді. Биыл тағы да қаншама жас қолына диплом алып, маман атанып, жаңа өмірге қадам басқалы отыр. Студенттік шақтың шыңы –диплом беру рәсімі басталып, қимастық пен қуаныш арпалысатын осы бір айтулы күндер қарсаңында түлектермен сұқбаттасып қайттық.