Шыңдаған, шыңға жетелеген Қарағанды университеті
«Блокнотты сыйға тартып достарым,
Беттеріне жырлар жаза бастадым.
Оқушылық кезең де өткен қызықпен,
Студенттік өмір-дағы қас қағым», – деп жазыппын бірінші курс оқып жүргенде қойын дәптеріме.
Менің өмірімде мамандық таңдауға және алғашқы еңбек жолымды бастауға бірден-бір себепкер болған адам – марқұм әкем болатын. Мен негізі кішкентай кезімнен заңгер болуды армандадым. Сот, прокурор, адвокаттың рөліне кіріп, үйдегілерді «соттап», өзімше тергеу жұмысын жүргізетінмін.