«Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі»
Бүгін журналистика кафедрасының «Қоғаммен байланыс» мамандығында оқитын магистранттар мен студенттер «Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен конференция жұмысы 3 секция бойынша жұмыс жасады: Қазақстандағы PR нарығын талдау; Дағдарысқа қарсы PR; PR мамандарын дайындаудың заманауи әдістері.