Соғыстан қайтқан солдаттар

Олар қан майданда ел үшін, жер үшін қасық қаны қалғанша күресті. Көзіне жаны көрінсе де жауынан сескенбеді. Жүрегіндегі патриоттық рухы аспандап, соғысты соғыс демей, ұрысты ұрыс демей, «АЛҒА-лаудан» қайтпады. Ештеңеден қаймықпады. Құлағыңа жәутеңдеген баласының «Әке» деген үні естіліп, «Е, Алла, елімді тыныш қыла гөр. Баламды аман-есен өзіме қайтар» деп дұға оқып отырған анасының бейнесі көз алдына елестеп, аштықтан қиналған ауылының жай-күйі ішіне әлдеқандай мұңды салып жатқанын ойлап, дұшпанға оқтай атыла берді. «Не сен өлесің, не мен» деп өмір мен өлім айқасында жанкештілікпен сағаттарды, минуттарды өткізді. Олар сондай еді. Үмітін арқалап қаншамасы жер жастанды, қаншамасы жарым жан болып елге оралды. Иә, оларға бұл жылдар тым ұзақ еді, тым ауыр еді. Алайда мұның бәрін ұрпақ үшін еңсере білді. Мылтықтарын асынып, бар қайғыны ұмытып, 9 мамырда «Ұлы Жеңісті» болашаққа табыстап, тыныштықты тарту етті. Олар сондай ержүрек, олар нағыз батыр еді…

Ақерке ӘБДІКӘРІМ,
ҚарМУ студенті