Қымбатты әріптестер, құрметті студенттер!

Қымбатты әріптестер, құрметті студенттер!

Осы айтулы мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекеттік маңызы бар мереке, өскелең ұрпақты Ата заңды құрметтеу дәстүріне тәрбиелеу Қазақстанның болашақтағы табысының кепілі болмақ. Конституция қоғамдық және саяси өмірдің барлық салаларында бұлжымайтын бағдар және нұсқаулық болып табылады.

Баршаңызды осынау тамаша күнмен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасылық амандық, саулық, табыс, істеріңізге тұрақтылық пен өркендеу, жаңа кәсіби жетістіктер, ғылым мен оқуда табыс тілеймін!

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Басқарма-төрағасы ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков