Қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумы

Қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумы

Ақпан айында Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Қазақстан Баспасөз клубы қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумын өткізді.

Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға АҚШ елшілігі өкілінен бастап, қарапайым блогерге дейін қатысты. Еліміздің әр өңірінен жиналған екі жүзден астам медиамаман қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының дамуының жаңа тенденцияларын талқылап, қазақ тіліндегі контенттің өзекті мәселелері туралы ой қозғады. «Qazforum2020» жиыны барысында және одан кейін де айтылып жатқан сан алуан пікірмен танысып, жаңа медиада біршама өзгеріс, жаңашылдық бар екеніне және сарапшылар қатары жас мамандармен толығып келе жатқанына көз жеткізгендей болдық. Пленарлық отырыстан кейін Ғалымжан Оразымбет мырзаның шеберлік сыныбына қатыстық. Серпіліп қалдық. Осы тәсілмен студенттерге тәжірибе сабағын өткізу керек деген ой келді.

Жанар СЕМБЕКҚЫЗЫ,
журналистика кафедрасының меңгерушісі