«Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі»

«Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі»

Бүгін журналистика кафедрасының «Қоғаммен байланыс» мамандығында оқитын магистранттар мен студенттер «Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен конференция жұмысы 3 секция бойынша жұмыс жасады: Қазақстандағы PR нарығын талдау; Дағдарысқа қарсы PR; PR мамандарын дайындаудың заманауи әдістері.

Конференцияға ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан, Пиар клубының төрағасы Әсел Қараулова, PR мамандары, еліміздегі жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілері, тағы да басқа сала мамандары қатысты.

Конференцияда жоғарыда аталған мамандардан бөлек, Қытай, Ресей, Қырғызстан елдерінің жетекші ЖОО-ның магистранттары мен студенттері баяндама жасады. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығының білім алушылары да баяндамаларын қорғап, өз ойларын ортаға салды. Олар: Жұпар Жасқанатқызы, Ғалымжан Кырыкбай, Ақжан Бастами, Мәриям Ахметбек, Любовь Беляева, Ақбота Ерболат, Аяжан Мақан, Гүлмира Қайназарова.

Онлайн кездесуде айтылған негізгі ойлар:

  • Пандемия бар жерде Үкімет пен халық арасындағы байланыс сынға алынады. Бұл PR-ға «маңызды емес» қатынасты қайта анықтаудың маңыздылығын көрсетеді!
  • Пекин тіл және мәдениет университетінің қатысушысы коронавирустың қытайлақтармен байланыстыратыны қынжылтады дейді, бұл тікелей ксенофобия!
  • PR маманы әрдайым «Менің ойым БАҚ-та жариялана ма?» деп ойлануы керек.
  • БАҚ қызметкері жұмыс берушіні таңдай білу керек!
  • SOFT SKILLS енді университеттегі HARD SKILLS-тен гөрі ерекше әсер қалдырады.
  • Университеттерде болашақ медиа-мамандарын нақты өмірлік тәжірибелерді қолдана отырып оқыту керек.

Үнемі өзгеріп отыратын жағдайда ең жақсы стратегия — кез келген нәрсеге дайын болу. Уақыт пен технология ақпаратпен және БАҚ-пен жұмыс істейтіндердің барлығын мүмкіндігінше икемді және бейімді болуға үйретеді. Конференция барысында спикерлер осыны ескере келе, бүгінгі таңда әлемді дүрліктіріп отырған COVID-19 мәселесіне де кеңінен тоқталды.

Студенттердің ғылыми мақалалары электронды түрде және баспадан жинақ болып шығады. Сертификаттары электронды поштамен жіберіледі.

Ж. С. РАМАЗАНОВА,
журналистика кафедрасының меңгерушісі