Ақырын жүріп, анық бас…

Ақырын жүріп, анық бас…

«Ұстаз болу — ұлық емес, ұлы қызмет» деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы тегін айтпаса керек. Оқу орнында қызмет атқарып жүрген ұстаздар қауымының қауырт тірлігін, жандарына жалау еткен жауапкершілікті студенттердің сезініп, оқытушылықтың қиындығы мен қызығын көргені абзал. Бұл мақсатта жыл сайын университте өтетін «Өзін-өзі басқару» күні филология факультетін де айналып өтпеді. Декан және декан орынбасарларынан бастап, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамын алмастырған жоғары курс студенттері факультеттің бүгінгі тірлігіне жаңа тыныс бергендей болды. Күні кеше Мағжан сенген жалынды жастар емес пе?! Университет басшылығының жастарға сенім артып, бір күнгі оқу-тәрбие жұмысын студенттерге жүктеуі — олар үшін үлкен қолдау, мықты мотивация. Сенім мен үмітті ақтайтын ізбасар шәкірттеріміз көп болғай!

Нұртілеу СИЯЗБАЕВ,
деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары