Тәуелсіздік — аманаты бабамның

Студенттер сарайында Тәуелсіздіктің 29 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Сол кештің шымылдығын біз дайындаған «Тәуелсіздік — аманаты бабамның» театрлық көрінісімен аштық.

Continue Reading

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап»

Бүгінгі кейіпкерім Анар Бабағұлованың инстаграм парақшасын оқып отырып, таң қалдым. Өзіне сенген, талап қойып, өзін-өзі дамытуға күш салып жүрген жан екен. Жеті тілді меңгерген. «Бірнеше тілді үйреніп, сол тілдерде сөйлей алу көп адамның арманы. Хәкім Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген. Өзіңізге сенсеңіз, еңбек пен ақылды серік етсеңіз, тіл үйрену сіздің де қолдан келеді», — дейді алғыр қыз. Ол болашақ тіл маманы емес, математик.

Continue Reading

«Елбасы және Тәуелсіздік»

Тарих факультетінде Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіздік» атты зияткерлік ойын өтті.

Continue Reading

Ардагер ұстаз Әлімжан Телғарин 85 жаста

Университет басшылығы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ардагер ұстазы, бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, білікті ғалым Әлімжан Нұғманұлы Телғаринді 85 жылдық мерейлі мерейтойымен құттықтады.

Continue Reading

Қылқалам шеберінің туындылары

Қарағандыдағы Суретшілер үйінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы суретші Мадихан Қалмахановтың жеке көрмесі өтті. Көрмеге суретшінің түрлі көріністі бейнелеген туындылары қойылған.

Continue Reading

Ынтымақтастық аясында жоспарлы жұмыстар өз жалғасын табуда

Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан, Алматыдағы Француз Альянсының атқарушы директоры және Орталық Азиядағы Француз Альянстары желісінің үйлестірушісі Вивьен Фуке, «Француз Альянсы» ҚБ Қарағанды филиалының директоры Ектерина Фирсова бастаған француз делегациясы іссапармен университетімізге келді.

Continue Reading

Ынтымақтастық – екіжақты қарым-қатынастың қозғаушы күші

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаи мырза келді.

Continue Reading

Күй құдіреті

Қарағанды университетінің Студенттер сарайында рухани жан дүниені байытқан тамаша жиын өтті. Қазақтың күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан күйші Қыздарбек Төребайұлының 170 жылдығына арналған рухани жиында шертпе күйдің шебері Орал Исатайұлының орындауындағы күйлердің ноталары топтастырылып, танымал тұлға жайлы естеліктер жинақталған «Мұң қосбасар» жинағының тұсауы кесілді.

Continue Reading

Жарқ еткен жарық жұлдыз

Тарих факультетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы мен биология-география факультетінің география кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған дөңгелек үстел онлайн форматта өтті. Аталған шарада қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Ш. Уәлихановтың өмір жолы, зерттеулері, саяхаттары мен ғалымның ғылыми шығармашылық еңбектері туралы баяндамалар ортаға салынып талқыланды.

Continue Reading

Шыңдаған, шыңға жетелеген Қарағанды университеті

«Блокнотты сыйға тартып достарым,
Беттеріне жырлар жаза бастадым.
Оқушылық кезең де өткен қызықпен,
Студенттік өмір-дағы қас қағым», – деп жазыппын бірінші курс оқып жүргенде қойын дәптеріме.
Менің өмірімде мамандық таңдауға және алғашқы еңбек жолымды бастауға бірден-бір себепкер болған адам – марқұм әкем болатын. Мен негізі кішкентай кезімнен заңгер болуды армандадым. Сот, прокурор, адвокаттың рөліне кіріп, үйдегілерді «соттап», өзімше тергеу жұмысын жүргізетінмін.

Continue Reading

Сөз барымтасына түскен жүйріктер

Жақында Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымының қолдауымен, «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы, жыраулар мектебінің атсалысуымен бір ай көлемінде өткен облыстық онлайн ақындар айтысында филология факультетінің студенттері Жандос Бақыт пен Еркеғали Бекболат жүлделі үшінші орынды иеленді.

Continue Reading

Мұқағали мұрагері

Мектеп қабырғасынан-ақ поэзия әлемінде қалам тербеп, «Балауса қалам —жауқазын жырлар» кітабының авторы, «Университет сұлтаны — 2020» байқауының жеңімпазы, республикалық «Мұқағали мұрагері» төсбелгісінің иегері, бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері атанған ақын Ернұр Тәңірбергенұлы Төкен алдағы жылы математика және ақпараттық технологиялар факультетін тәмамдайды. Ауылында қашықтан оқып жатқан талантты жасты Instagram желісінде сыр-сұқбат алаңына шақырдық.

Continue Reading

«Әдебиет — әдемі әлем»

Гүлім Қалдыбаева, филология факультетінің 4 курс студенті. Орталық Қазақстан академиясы ұйымдастыруымен болған «Ғылым және жастар: жаңа идеялар мен шешімдер» тақырыбындағы студенттер мен магистранттардың VI халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның жинағына «Қазақ әдебиетіндегі психологизм» атты мақаласы енген. «Жас ғалым» атты ХІІ республикалық ғылыми жұмыстар сайысына қатысып, «Серік Сағынтай шығармаларындағы көркемдік ізденістер» тақырыбында жоба қорғаған. «El-ana» жастар руханият, білім орталығы: «Әдебиеттану ғылымы және білім беру» жинағына: «Абай және Еркежан» тақырыбында мақаласы енгізілді. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен ХІІ Республикалық студенттік онлайн пән олимпиадасына қатысып, «Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы: ізденістер мен үрдістер» тақырыбында жоба қорғады.

Continue Reading

«Қыз, ұлың қайда? «Студенттік шақ «дейтін қызығың қайда?»

Бектас Бақытұлы Жұман, философия және психология факультетінің 3 курс студенті. «Ұлағат» шығармашыл жастар клубының жетекшісі, Студенттік парламенттің депутаты, қоғам белсендісі, «Birgemiz Bilim» жалпыұлттық жобасының волонтеры, «Good-Way» еріктілер тобының мүшесі, жас ақын, шығармалары әртүрлі аймақтық, республикалық басылымдарда жарық көрген, облыстық мүшәйралардың жүлдегері, қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер.

Continue Reading

Құттықтаймыз!

Бүгін университет Басқармасының отырысында ректор Нұрлан Дулатбеков педагогикалық қызметтегі табыстары үшін филология факультеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Айтбаеваны «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру сапасының артуына қосқан жеке үлесі үшін алғыс хатымен Қашықтан білім беру орталығының жетекшісі Гаухар Жетимекованы, философия және психология факультеті саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Айгүл Бейсенованы, философия және психология факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, психология кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Бурленованы марапаттады.

Continue Reading

Латын әліпбиін насихаттау жалғасын табуда

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесін күн тәртібіне қойғаны белгілі. Мақала жарық көрген күннен бастап, осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты айтылды.

Continue Reading

Ақын алауы

Бүгін Алаштың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың туған күні. «Өмірге ендім еңбектеп, Шалқалап әкем шықты үйден…» дейтін өмір философиясын айта білген сұңғыла суреткер қайшылықты кезеңде ғұмыр кешті.

Continue Reading

Байқаудан құр қалмаңыз!

Қымбатты студенттер, қазан айында «Жастар әлемі – Мир молодежи» газеті «5 мың теңге ұтып алсам, қайда жұмсар едім?» тақырыбында байқау жариялаған болатын. Байқау шарты өте қарапайым. Ұтымды жауап беріп, ойыңызды көркем тілмен жеткізуге тырысыңыз.

Continue Reading