Атыңнан айналайын, Қарқаралы!

Қасиетті қарашаңырақтан барған қонақтарды Қарқаралы қаласының әсем табиғаты мен жанға қуат берер саф ауасы құшақ жая қарсы алды. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тіршілік ететін жан-жануарлардың тіршілігімен таныстық. Шаһар кіреберісінде орнатылған «Еліктер» ескерткіші ерекше көз тартса, орталықта бой көтерген ұлтымыздың ұлы тұлғалары -- Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков ескерткіші адамға ерекше рух береді. Екі ғасырға жуық тарихы бар «Құнанбай қажы» мешіті өзінің өзгеше құрылысымен жастарды тәнті етті.

Continue Reading