«Өрісі кең ғалым – ұлағатты ұстаз»

Қарағанды университетінде Қазақ ССР ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-нің ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтің 110 жылдығына орай «Өрісі кең ғалым – ұлағатты ұстаз» атты дөңгелек үстел өтті.

Continue Reading

Алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаев

Бүгін 31 мамыр -- саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты халыққа жариялаған үндеуі негізінде заң факультетіндегі №317 дәрісханасына алғашқы құқықтану магистрі Ж. Ақбаевтың есімі берілді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессор Қ.С. Мусин «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері» тақырыбында оқытушыларға баяндама оқып, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер Ж. Ақбаевтың өмірбаянына шолу жасады.

Continue Reading

Ағаштар әулеті

Өмір сүру тәжірибесінің өзі табиғаттан келген. Мұны осыдан мың жыл бұрын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтып кеткен. Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланыс көзге көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін. Осы табиғаттың кішкене бір бөлшегі – ағаштарды алып қарайық. Адамдармен ғажап ұқсастықты байқаймыз.

Continue Reading

«Жастар және мәдениет: театр мен музыка»

Әлеуметтік мәселелер Департаменті Студенттер сарайымен біріге отырып, университет басшылығының қолдауымен жастарға еліміздің сан түрлі мәдени-рухани құндылықтарын спектакльдер, музыкалық кештер, концерттер арқылы таныстыруға бағытталған "Жастар және мәдениет: Театр мен музыка" жобасын бастады.

Continue Reading

Вспоминая Альма-матер

Я бакалавр! С гордостью сказала себе я, когда получила диплом о своём первом высшем образовании, в далёком 2011 году. Через два года с такой же гордостью произнесла — я магистр! А через три — я преподаватель-исследователь!

Continue Reading

«Жарқылдап Жайық бойында…»

Өнер, оның ішінде Алаш баласы айрықша қастерлген сөз өнерінің тарихында уақыт озып, замана көші ілгері жылжыған сайын тұлғасы көмескі тартып, сұлбасы ғана қалатын қаламгерлер де, керісінше ақ алмастай жарқылы көбейіп, жалыны жалқындана беретін суреткерлер болады. Кейінгісін біз классик деп атаймыз. Өйткені классикке уақыт деген категорияның қатысы тым шартты. Ал классикалық шығарма дегеніңіз қай уақытта да күтпеген құпиясын ашып, тылсымына тарта беретін мәңгілік туындылар.

Continue Reading

«Кел, қазақша сөйлесейік» клубына қосыл

Тіл - халықтың тірегі, жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, рух, салт-дәстүр, еңбек жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде еркін сөйлеп, дамытып, атадан балаға мирас ретінде қалдыруға міндетті. Тіл жойылса, халық жойылады. Халық жойылса, мемлекет жойылады. Сол себепті Елбасымыз: «Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» деп үндеу тастаған болатын. Әр облыста осы елбасымыз салып берген сара жол бойынша мемлекеттік тілді дамыту мақсатында клубтар ашыла бастады. Жақында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде де қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі Бақыт Айтбаеваның бастамасымен ZOOM платформасында «Кел, қазақша сөйлесейік!» клубы өз жұмысын бастады.

Continue Reading

Әкеден балаға аманат

Жақында бір өнегелі отбасының үйіне барып қайттық. Ғажайып әлем – ақындық жолда жүрген әкелі-балалы Қайрат Асқар мен Мағжан Асқармен әңгімелесе отырып, отбасының алтын діңгек екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.

Continue Reading