Әжемнің бақыты

Ол кезде мен мектеп оқушысымын. Үлкен ағам шетел университетіне оқуға түсті. Біреуге жай, еш ерекшелігі жоқ оқиға болып көрінгенімен, біздің отбасымыз үшін бұл қуанышты жайт еді. Өйткені ол менің әжемнің тұңғыш немересі. Бауырына басып өсірген тұңғыш немересі бір төбе, қалғандарымыз бір төбеміз. Күн сайын мектептен қайтып келе жатып үйдегілерден кімді бірінші кезіктіретінімді білетінмін — ол менің әп-әдемі әжем болатын. Мені терезеден күтіп отырады да, жақындай бергенде шәйнекті ысытады екен. Кейін екеуміз әдемілеп шай ішеміз. Мен мектепте басымнан өткергенімді айта бастаймын.

Continue Reading

Түлекпен кездесу

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент ұйымдастырған «Университет түлектері немесе жетістікке жету жолдарым» жобасы аясында студенттеріміз Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжановпен жүздесті.

Continue Reading