Күй құдіреті
Қарағанды университетінің Студенттер сарайында рухани жан дүниені байытқан тамаша жиын өтті. Қазақтың күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан күйші Қыздарбек Төребайұлының 170 жылдығына арналған рухани жиында шертпе күйдің шебері Орал Исатайұлының орындауындағы күйлердің ноталары топтастырылып, танымал тұлға жайлы естеліктер жинақталған «Мұң қосбасар» жинағының тұсауы кесілді.