Кие

Түн. Жұлдызға көмкерілген аспан астында Шалқар ақсақал тағы да телескобына үңілуде…. Е, басқа не істесін?! Ауылдан шалғай орналасқан ескі қыстауда тұрады. Әйелі Гүлім жарықтық жақсы кісі еді. Көптен күткен нәрестесін дүниеге әкелместен өмірден ерте озды. Жалғыз сүйеніші, көңілін аударатын ермегі – орталықтан арнайы алғызған осы телескобы еді. Жерден таппаған бақытын көктен іздегендей, аспан әлемінен көз алмай ұзақ қарайтын. Қарап отырып өткен мен кеткенді ұмытуға, есіне алмауға тырысады. Бірақ өткен іс оңай ұмытылмақ емес. Ойлаған сайын ой қоршауына қамалып, өзін ақтайтын иненің жасуындай да себеп таба алмайды. Ақталайын деп те тырыспайды, бірақ жаны жай таппай, тынысы тарылады.

Continue Reading