Неограниченные возможности

В рамках проведения профориентационной работы 22 октября 2020г. преподавателями педагогического факультета Карагандинского университета имени академика Е№ А№ Букетова проведена онлайн –встреча с учащимися СШ № 24 города Балхаш.

Continue Reading

Визит зарубежных гостей

В рамках международного сотрудничества Карагандинский университет им. академика Е. А. Букетова посетила делегация Посольства Государства Израиль в Республике Казахстан в составе Чрезвычайного и Полномочного Посла Израиля в Республике Казахстан госпожи Лиат Вексельман, заместителя Главы Миссии Галины Френкель и атташе Посольства Даниэля Панюкова.

Continue Reading

«Казахстан в новой реальности: Время действий»

На базе Карагандинского университета им. академика Е. А. Букетова состоялся круглый стол на тему «Проблемы развития детско-юношеского и массового спорта в регионе». Поводом для этого Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Казахстан в новой реальности: Время действий».

Continue Reading

Құттықтаймыз!

Бүгін университет Басқармасының отырысында ректор Нұрлан Дулатбеков педагогикалық қызметтегі табыстары үшін филология факультеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Айтбаеваны «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің білім беру сапасының артуына қосқан жеке үлесі үшін алғыс хатымен Қашықтан білім беру орталығының жетекшісі Гаухар Жетимекованы, философия және психология факультеті саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Айгүл Бейсенованы, философия және психология факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, психология кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Бурленованы марапаттады.

Continue Reading

Латын әліпбиін насихаттау жалғасын табуда

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесін күн тәртібіне қойғаны белгілі. Мақала жарық көрген күннен бастап, осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты айтылды.

Continue Reading

Ақын алауы

Бүгін Алаштың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың туған күні. «Өмірге ендім еңбектеп, Шалқалап әкем шықты үйден…» дейтін өмір философиясын айта білген сұңғыла суреткер қайшылықты кезеңде ғұмыр кешті.

Continue Reading

Байқаудан құр қалмаңыз!

Қымбатты студенттер, қазан айында «Жастар әлемі – Мир молодежи» газеті «5 мың теңге ұтып алсам, қайда жұмсар едім?» тақырыбында байқау жариялаған болатын. Байқау шарты өте қарапайым. Ұтымды жауап беріп, ойыңызды көркем тілмен жеткізуге тырысыңыз.

Continue Reading

Кие

Түн. Жұлдызға көмкерілген аспан астында Шалқар ақсақал тағы да телескобына үңілуде…. Е, басқа не істесін?! Ауылдан шалғай орналасқан ескі қыстауда тұрады. Әйелі Гүлім жарықтық жақсы кісі еді. Көптен күткен нәрестесін дүниеге әкелместен өмірден ерте озды. Жалғыз сүйеніші, көңілін аударатын ермегі – орталықтан арнайы алғызған осы телескобы еді. Жерден таппаған бақытын көктен іздегендей, аспан әлемінен көз алмай ұзақ қарайтын. Қарап отырып өткен мен кеткенді ұмытуға, есіне алмауға тырысады. Бірақ өткен іс оңай ұмытылмақ емес. Ойлаған сайын ой қоршауына қамалып, өзін ақтайтын иненің жасуындай да себеп таба алмайды. Ақталайын деп те тырыспайды, бірақ жаны жай таппай, тынысы тарылады.

Continue Reading

Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым

Қоғамның алтын діңгегі білім мен ғылым десек, осы екі салаға бүкіл саналы ғұмырын арнаған медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры Ғабит Ғабдоллаұлы Мейрамов 1947 жылы Павлодар қаласында орыс тіл білімі профессоры Ғабдолла Әшімұлы Мейрамов пен аға оқытушы Фатиха Галиевна Магдееваның отбасында дүниеге келді.

Continue Reading

Алғышарт — факультеттің дамуы

Ректор Нұрлан Дулатбеков тарихы тереңге тартқан филология факультетінің ұжымымен кездесті. Жиын басында факультет деканы Елдос Түйте білім ошағының бүгінгі тыныс-тірлігіне қысқаша шолу жасап, күн тәртібіне көтерілген негізгі мәселелерге тоқталды.

Continue Reading

Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

Қазанның алғашқы жексенбісі елімізде кең көлемде аталып өтілетін ұлық мерекенің бірі – Ұстаздар күні. Осы бір айтулы датаны тағатсыздана күтіп, білім-ғылымға баулыған ұстаздарымызды құттықтап, қуантуға асығамыз. Жүрекжарды жылы лебіз – шәкірттің ұстазға құрметі.

Continue Reading

Ақпараттық хат

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларын, тарих пәні мұғалімдерін, магистранттар мен докторанттарды «Тарих ғылымдарының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Халықаралық қатысушылардың қатысуымен өтетін конференция тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекованың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылады.

Continue Reading

Ұлы тұлғаның мәңгілік мекені

Ұстаздар күні қарсаңында университетіміздің профессорлық-оқытушылар қауымы Қарағанды қаласының Михайловка елді мекеніндегі зиратта жатқан ұлы тұлға академик Е. А. Бөкетовтің басына барып тағзым етіп, рухына құран бағыштады. Академиктің мәңгілік мекен тапқан орнына гүл шоқтарын қойып, қабір айналасын, барар жолын тазалап, сауапты іс атқарды.

Continue Reading

Жылы лебіз

Ұстаздар күні қарсаңында саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміз білім ордамызға жылы лебіздерін арнап, алғыстарын білдірді. Ардагерлеріміздің алғыстарының бір парасын жариялап отырмыз.

Continue Reading